• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:02:23
Алматы
+35°

14 Сәуір, 2019 Әлем

Әлемдегі ең үлкен ұшақ алғаш рет әуеге көтерілді

Microsoft компаниясын құрушылардың бірі ұшақты сонау 2011 жылы орбитаға жер серіктерін жеткізетін ұшақ ретінде ойлап тапқан екен.

Әлемдегі ең үлкен ұшақ алғаш рет әуе жолына көтерілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Алты қозғалтқышы, екі фюзеляжы бар алып ұшақ АҚШ-тың Калифорния штатындағы Мохаве шөлінде  сынақ ретінде алғаш рет ұшырылды.

Stratolaunch

Бұл - әлемдегі ең үлкен ұшақ. Ұшақтың құрылысына тоқталатын болсақ, Microsoft компаниясын құрушылардың бірі ұшақты сонау 2011 жылы орбитаға жер серіктерін жеткізетін ұшақ ретінде ойлап тапқан екен. Stratolaunch Systems Model 351 ұшағының қанатының ұзындығы, шамамен, 117 метр, әуе кемесінің ұзындығы 53 метр, биіктігі - 15 метр. Ең жоғары ұшу салмағы 590 тонна шамасында, ұшақтың таза өз салмағы - 226 тонна.

Stratolaunch орбитаға ғарыш апппаратарын жеткізуге арналған. Тасығыш зымыран екі фюзеляж арасындағы орынға бекітіледі. Бұған дейін әуеге көтерілген әлемнің ең ауыр ұшағы Ан-225 «Мрия» болатын. Ол 200 тонна жүк алып ұшуға мүмкіндігі болды. Ұшақ 1988 жылы 21 желтоқсанда алғаш рет әуеге көтерілді. Stratolaunch ұшағы Мохаве шөлінде құрастырылды. 2017 жылы мамыр айында ұшақты жерде сынау үшін алғаш рет ангардан шығарды. Екі жарым сағатқа созылған алғашқы ұшу барысында, алып ұшақ сағатына 304 шақырым жылдамдықпен бес шақырым биіктікке көтерілді. .


Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір