• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:14:30
+35°

02 Мамыр, 2017 Әлеумет

Әлемдегі ең қарт адам Индонезияда көз жұмды

146 жастағы индонезиялық ер адам Орталық Явада, өзі туып өскен ауылында қаза тапты, деп жазады

146 жастағы индонезиялық ер адам Орталық Явада, өзі туып өскен ауылында қаза тапты, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Құжаттарына сәйкес Гхото ата деген атпен әйгілі Содимеджо 1870 жылдың желтоқсанында дүниеге келген. Ал Үндістанда жаңадан туғандарды ресми түрде тіркеу тек 1900 жылдардан басталған. Сол себепті көбісінің туған жылдары құжаттарда қате көрсетілуі мүмкін. Би-би-си басылымының хабарлауынша, жергілікті билік Гхото атаның құжатының түпнұсқа екенін мәлімдеді.

Денсаулығының нашарлауына байланысты қарт кісі 12 сәуірде ауруханаға жатқызылды. 6 күн өткен соң өз өтініші бойынша үйіне қайтты.

«Үйге келген соң жағдайы мәз болмады. Бір-екі қасық ботқа жеп, азғантай ғана су іше алатындай жағдайда болды. Өлер күні таяғанда тамақтан мүлдем бас тартты», деді оның немересі Суянто Би-би-си тілшісіне.

Тілші Гхото атамен былтыр кездесіп, ұзақ өмір сүруінің құпиясын сұрағанда, қария «өмірдегі ең басты нәрсе – сабырлық» деп жауап берген екен.

«Мені жақсы көретін адамдар маған қамқор болып, әрдайым жанымнан табылғандықтан ұзақ өмір сүрдім» деп сөзін түйіндеген қария. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір