• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:13:01
Алматы
+35°

13 Маусым, 2018 Әлеумет

Әлем таныған әйелдер: Ангела Меркельден Мелинда Гейтске дейін (фото)

Ал заман талабына сай әйелдер де көштен қалмай, билік басында жүр. Қайырымдылық пен адам құқығын басты нысан етіп алғандар да — әйелдер.

Саясат қашан да ер адамдардың атқаратын ісі болды. Заман талабына сай әйелдер де көштен қалмай, билік басында жүр. Қайырымдылық пен адам құқығын басты нысан етіп алғандар да — әйелдер.  Qamshy.kz ақпарат агенттігі Әлем таныған әйелдердің тізімін ұсынады.

Бірінші орында Германияның калцлері Ангела Меркель тұр. Меркель Форбстың ең ықпалды әйелдер тізімінде соңғы жеті жылда бірінші орында келе жатыр.

Ангела Доротея Каснер – 1954 жылы туған. Әкесі – дін адамы, ол лютерандық шіркеуде қызмет еткен. Ал анасы мұғалім болған, мектепте латын және ағылшын тілдерінен сабақ берген. Кей деректерге сүйенсек, ата-анасы германиялық поляктар.

Бүгінде Ангела Меркель — Германияның Канцлері.  Үкімет басшылығына алғаш рет 2005 жылы келіп, 2009, 2013 жылдардағы сайлауларда да жеңіске жеткен А.Меркель осы­­мен кезекті мәрте өз орнын сақтап қалды, 2018 жылы 4-ші рет Канцлер болып сайланды.

меркель

Германияда елді федералдық Президент пен федералдық Канцлер (Үкімет төрағасы) басқарады. Канцлердің құ­зы­реті күштірек. Президент екінші орында жүреді. Канцлердің кандидатурасын Президент ұсы­нады, оны Бундестаг депутаттары (қазір онда 630 депутат бар) бекітеді. Канцлер 4 жылға сайланады.

Ангела Меркель екі рет тұрмыста болған. Бірінші күйеуі – Ульрих Меркельмен 3-курсында танысып, 1977 жылы отбасын құрған. Бес жылдан соң ажырасып кеткен. Бұл жайында Ангела Меркель:

— Біз барлығы үйленіп жатқандықтан отбасы құрдық. Бүгінде ол күлкілі естілуі мүмкін, бірақ біз ойланбай некелестік, - дейді.

меркель

Анегела Меркель ажырасқан кезде өзіне бірінші күйеуінің фамилиясын қалдырып, оны әлемге танытты.

Меркельдің екінші күйеуі – химик,  Гумбольд атындағы Берлин университетінің профессоры.

Тереза Мэри Мэй – 1956 жылы Ұлыбританияның Истборн қаласында туған. Британиялық саясаткер, 2016 жылдан бері Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігінің  премьер-министрі, Ұлыбритания тарихында осы лауазымға бекіген  Маргарет Тэтчерден кейінгі екінші әйел. 

Үкімет басшылығына келмей тұрып Тереза Мэй 2010-2015 жылдары елдің Ішкі Істер министрі қызметін атқарған. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, Мэй Ішкі істерді басқарып тұрған сәтте полиция қызметкерлерінің саны қысқарып, бюджеттің де азайғанына қарамастан,  елдегі қылмыстың саны азайған.

мэй

Іскерлік пен әйелге тән нәзіктікті сақтай білетін Тереза Мэй көпшілік алдына әдемі әшекей мен аң терісінен жасалған биік өкшелі туфлимен шығуға еш қысылмайды.

фывапр

Тереза Мэйдің жеке өміріне келер болсақ, «мен өз жеке өмірімді жұртқа жайғым келмейді. Біз сәби сүйе алмадық. Сәби сүймеді деп ешкім мені қамқорлық пен түсіністікті білмейді деп ойламайтын шығар»,- дейді.

— Күйеуім Филип маған гүл сыйлайды. Ұсақ дүниелерге қатты мән береді. Мен жұмыс істеп отырғанда маған шай әкеліп беруі де мүмкін, - дейді Тереза Мэй өз күйеуі жайлы.

Меланья Трамп – АҚШ-тың 45-ші презизенті Дональд Трамптың әйелі, АҚШ-тың бірінші ханымы. 1970 жылы Югославияның Ново-Место қаласында дүниеге келген.

Меланья Трамп – америкалық фотомодель, сағат және қолөнер бұйымдарының дизайнері.

Меланья Люблян университетіне «Архитектура және дизайн» мамандығына оқуға түседі. Оқуды бірінші курстан кейін тастап, Миланға көшіп кетеді.

трамп

Сәнбикелік жолын 16 жасында Милан мен Париждегі көрсетілімдердерде жүріп бастаған.

Дональд Трамппен 2005 жылы отбасын құрады. 2006 жылы Американың азаматтығын алды. 2006 жылы Бэррон Уильям Трамп есімді ұлды дүниеге әкелді. 2017 жылы Меланья АҚШ-тың бірінші ханымы атанды.

трамп

Бүгінде Меланья Трамп саяси ортада өзінің күйеуімен жиі шығады.

Мелинда Гейтс — америкалық кәсіпкер, әлемдегі ең бай адам Билл Гейтстің әйелі, филантроп, Билл Гейтс пен Мелинда Гейтстің қайырымдылық қорының төрағасы. Ал Билл Гейтс – Microsoft компаниясының негізін салушылардың бірі.

Мелинда 1964 жылы Техас штатының Даллас қаласында дүниеге келген. Отбасындағы төрт баланың екіншісі болған. Әкесі – инженер Рэймонда Джозеф Фреч пен үй шаруасындағы Элейн Агнес Эмерландтың отбасында туған.

гейтс

1994 жылы Билл Гейтсқа тұрмысқа шыққан. Отбасыларында 3 бала бар: екі қыз, бір ұл.

Жыл өткен сайын адамзат тарихындағы ең көп қайырымдылық жасаған қайырымдылық қорын жүргізіп келе жетқан Меланда Гейтс әйелдердің құқығына да бей жай қарамайды. Әйелдер құқығын қорғауға байланысты түрлі жиындар өткізіп отырады.

ыявчап

Осы уақытқа дейін Билл мен Меланда Гейтс 40 млрд долларды қайырымдылыққа жұмсаған.

ІІ Елизавета (толық аты: Елизавета Александра Мария) – 1926 жылы Ұлыбританияның Лондон қалсында дүниеге келген, 1952 жылдан бері Ұлыбританияның патшайымы.

II Елизавета ханшайым Виндзор әулетінен шыққан. Таққа 1952 жылдың 6 ақпанында, яғни 25 жасында, әкесі — VI Георгтыңөлімінен кейін отырды.Тарихта Ұлыбританияны ең ұзақ билеген және ең ұзақ өмір сүруші монарх ретінде қалып отыр.

фывапр

Ұлттар достастығының басшысы, сондай-ақ II Елизавета ханшайым Ұлыбритания патшалығынан бөлек Австралия, Антигуа және Барбуда, Багам аралдары, Барбадос, Белиз, Гренада, Канада, Жаңа Зеландия, Папуа — Жаңа Гвинея, Сент-Винсент және Гренадиндер, Сент-Киттс және Невис, Сент-Люсия, Соломон аралдары, Тувалу, Ямайка сияқты 15 мемлекеттің патшайымы болып саналады. Сонымен қатар, Англикан шіркеуінің басшысы және Ұлыбританияның қарулы күштерінің жоғарғы Бас қолбасшысының қызметін атқарады.

васпр

Сьюзен Диана Войжитски – америкалық  кәсіпкер, YouTube-тың  атқарушы директоры. Сьюзен 1968 жылы 5 маусымда Калифония штатының Санта-Клара қаласында дүниеге келген.

1990 жылы Гарвард университетінің тарих факультетін тамамдаған. 1998 жылы магистр атанған. Стэндфорд университетінде Экономика мамандығымен аспирантураны оқыған.

asdfg

1999 жылдан бастап google компаниясында жұмыс істейді. Ол аталған компанияның 16-шы немесе 18-ші қызметкері.

Google компаниясында маркетинг бойынша алғашқы директоры және әр мереке сайын ауысып отыратын Google-дың алғашқы бетінің дизайнын жасаушы.

bnj

2002-2014 жылдары Гугл компаниясының жарнама бойынша вице-президенті қызметін атқарған. 2012 жылы Google компаниясына қарасты Adwords, AdSense, DoubleClick 43,5 млрд доллар көлемінде табыс әкелген. 2014 жылдың ақпанынан бастап Ютубтың атқарушы директоры болып қызмет атқарады. 

Сьюзен Войжитскидің байлығы шамамен – 410 млн доллар.

Сонымен қатар Сьюзан тұрмыста және бес баланың анасы.

Даля Грибаускайте – Литва республикасының президенті, саясаткер. 1956 жылы туған.

2001-2004 жылдары Литваның қаржы министрі қызметін атқарған. 2004-2009 жылдары Еурокомиссияның қаржы саласы бойынша комисары қызметін атқарған.

2009 жылы Литвадағы президент сайлауына кандидат ретінде қатысып, 69,05  пайыз дауыс жинаған. 2009 жылдың 12 маусымынан бастап ел президенті қызметін атқарып келеді.

Даля Грибаускайте

2014 жылы өткен Президент сайлауына қатысып, 7 үміткердің арасында жеңіске қол жеткізеді.

Даля Грибаускайте ешқашан тұрмыста болмаған және балалары жоқ.

Элен Джонсон – Серлиф – саясаткер, 2006 жылдан бері Либерияның 24-ші президенті.

Ол – Африка елдеріндегі алғашқы әйел президент.

Элен Джонсон – Серлиф

1972 жылы Гарвард университетінің Master of Public Administration бойынша дипломын алғаннан кейін Либерияның қаржы министрлігіне көмекші болып қызмет атқаруға жұмысқа шақырады. 1980-85 жылдары Либерияның Қаржы министрі қызметін атқарады. Сол жылы Республика президенті енгізген әскери режимге Үкімет отырсында сын айтқаны үшін қамауға алынады. Содан кейін Элен елден қуылады. Тек 1997 жылы Ұлттық банк пен Citibank-тің экономисті ретінде елге оралады.

2005 жылғы президент сайлауының бірінші кезеңінде 192, 326 дауыс жинайды. Екінші кезең қорытындысы бойынша, Либерияның президенті болып сайланады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір