• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:17:23
Алматы
+35°

26 Шілде, 2018 Әлеумет

Әлем сүйсінген Колинда: қарапайым ауыл қызынан президентке дейін

Өз елінің командасын қолдау үшін қарапайым жолаушылармен бірге Ресейге ұшып барған мемлекет басшысын кім құрметтемес?

Хорватия президенті Колинда Грабар-Китаровичті Ресейде өткен футболдан Әлем чемпионатынан кейін бүкіл әлем таныды. Жай ғана танып қоймады, тамсанды, ғашық болды, қызыға да, қызғана да қарады. Әрине, өз елінің командасын қолдау үшін қарапайым жолаушылармен бірге Ресейге ұшып барған мемлекет басшысын кім құрметтемес? Біздің ендігі әңгімеміз жұрт сүйсінген президенттің балалық шағы, армандары, жалпы өмірі жайлы болмақ.

Шетелдік дереккөздерге сенсек, Колинда Риека қаласында туған екен, алайда балалық шағын туған қаласына жақын ауылда өткізген. Отбасының қыстағы мен ет дүңгіршегі болыпты.

Колинда Грабар-Китарович

Колинда бала күнінде стюардесса болуды армандаған. Қыздарының борт серігі боламын деген  ниетін ата-анасы да қолдады. Алайда лайықты білім алуын талап етті. 17 жасында Колинда АҚШ-қа оқуға аттанады, кейін Загреб университетіне оқуға түседі.

Президенттік сайлауға қатыспастан бұрын парламентте жұмыс істеді, сыртқы істер министрі болды әрі Хорватияның АҚШ-тағы елшісі қызметін атқарды.

Колинда Грабар-Китарович

46 жасында Колинда әлем тарихындағы алғашқы әйел президент қана болып қойған жоқ, бүгінгі тарихтағы  ең жас мемлекет басшысы атанды.

«Хорватияның гүлденетініне ешкім күмәнданбайтын болады»

Грабар-Китаровичтің мемлекет басшысы лауазымындағы алғашқы фразасы осы болды.

Колинда ел басқарып отырған президент қана емес, екі баланың анасы. Кіші ұлының аты – Лука, ал қызы – Катарина.

Колинда Грабар-Китарович

17 жасында Колинда мәнерлеп сырғанаудан юниорлар арасында чемпион болды.

Ол ағылшын, испан және португал тілдерінде еркін сөйлейді. Итальян, француз, неміс тілдерін де аздап меңгерген.

Колинда Грабар-Китарович

2017 жылы Forbes журналының дерегі бойынша, Грабар-Китарович әлемдегі ең лауазымды әйелдердің көшін бастады.

Мынадай бір қызықты деректер кездеседі. Әр елдің басшыларымен кездесу барысында Колинда Хорватия футбол клубының футболкасын сыйға тартады.

Колинда Грабар-Китарович

Ал хорваттардың өзі Колинданы халық президенті деп санайды. Неге десеңіздер, ол тұрғындармен асханаларда қарапайым тамақтарды жей береді.

Колинда Грабар-Китарович

Қоғамдық көліктермен жиі жүреді. Азық-түлік алу үшін базарға өзі барады.

Колинда Грабар-Китарович

Колинда Грабар-Китарович

Бәрімізге белгілі, Әлем чемпионатына президент қарапайым жолаушылар ұшағымен барған болатын. Командасын қолдау үшін ұлттық символды футболка киіп, жанкүйерлерімен бірге отырып, чемпионатты тамашалады.

Колинда Грабар-Китарович

Тіпті ВИП-аймақта да үстінен ұлттық футболкасын шешпеді.

Колинда Грабар-Китарович

Хорватия құрамасы чемпион бола алмаса да, президент команданың әр ойыншысына жеке-жеке алғыс айтып шыққан.

Колинда Грабар-Китарович

Міне, нағыз халық басшысы осындай болса керек-ті. Қайран қаласың, тамсанасың, сүйсінесің...

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір