• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:26:11
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2019 Саясат

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге халықпен кері байланыс орнатуға тапсырма бергеннен кейін, елорда әкімі Бақыт Сұлтанов аудандық деңгейдегі басшылардың жеке телефон нөмірлерін жариялады. Алайда олармен сөйлесу мүмкін емес, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik cайтына сілтеме жасап.

Ол туралы Qazaqstan телеарнасының жаңалықтар бөлімінде айтылған. 

Президенттің тапсырмасынан соң екі ай өткенде, телеарна тілшісі Нұр-Сұлтан әкімі берген телефон нөмірлеріне қоңырау шалып көріпті. Бірақ кейбір басшылар телефондарын көтермеген.

"Қазір әкімдермен байланысу қиын. Мысалы, Есіл ауданының әкімі Қайрат Закарияновтың телефоны күні бойы өшірулі. Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев телефон тұтқасын көтермеді. Whats Аpp желісіне таңертең жазған жазбамызға да кешке дейін жауап бермеді", - дейді тілші.

Ал Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов орыс тілінде қысқа жауап беріпті. Қайта хабарласам деген әкім сол күйі хабарсыз кеткен. Әкімдердің ішінде тек Сарыарқа ауданының әкімімен байланысудың сәті түскен көрінеді.

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір