• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:09:22
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2019 NEWS

Әкесінің қарызы үшін қызын ұрлап кеткен (видео)

Қыздың анасына қоңырау шалып, 110 мың теңге талап етіпті

Алматы облысында ер адам өз танысының 11 жасар қызын қарызын қайтармағаны үшін кепілдікке алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ktk.кz сілтеме жасап.

Күдікті бесінші сынып оқушысын мектептен қайтып келе жатқанында ұрлап кеткен. Осыдан соң, күдікті қыздың анасына қоңырау шалып, 110 мың теңге талап етіпті. Кейін анықталғандай, қыздың әкесі 27 жастағы күдіктіге 30 мың тенге қарыз болған екен.

Қыздың анасы жедел түрде құқық қорғау органдарына шағымданған. Ары қарайғы келіссөздер тәртіп сақшыларының бақылауында жүргізілді. Күдіктінің мекен-жайы анықталған соң, тұтқындау туралы бұйрық берілген. Ер адам "кепілге алған кішкентайын" ертіп, Алматыдағы ірі сауда орталықтарының бірінде жүрген екен.

"Күдіктінің біздің ауданға қарасты сауда орталықтарының бірінде жүргені анықталды. Сол сауда орталығында күдіктіні құрықтау шаралары жүргізілді. Кепілге алынған қыз аман-сау қалпында ата-анасымен қауышты. Қазіргі уақытта "Адам ұрлау" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Қарасай аудандық полиция басқармасының аға тергеушісі Самат Сатқанбаев.

Аударған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір