Әкемнің маған көтерген алғашқы да ақырғы таяғы (мағынасы терең оқиға)

Әкемнің маған көтерген алғашқы да ақырғы таяғы (мағынасы терең оқиға)
Ⓒhttp://elenatruhina.livejournal.com

Мен он сегіз жаста едім. Былайша айтқанда жігіт болып қалған кезім. Таңертең қой жайып кетіп кешке үйге келсем біздің үйде бір көршілес ағайым отыр екен. Ағайға сәлем беріп беті қолымды жуып шайға отырдым. Сосын барып байқадым. Әлгі ағай әкеммен ұрсысып отырған болып шықты. Шамасы болымсыз бірдемеге келіспей қалған түрлері бар. Көрер көзге әлгі ағай көбірек, қаттырақ сөйлеп, өктемдік көрсетіп ал әкем болса анда-санда бір мырс етіп ащы күлгені болмаса үнсіз отыр. Апам да ана жігітке қарап: «Қымыз іш, қайным...» - деп әлсін әлі қымыз құяды. Осындай қозғалыс, қылықтарды көріп отырған мен ішімнен: «Мына жігіт жастығын көрсетіп әкемді қорқытып отыр екен ғо-о-й» - деп ойладым. Тағы біраз уақыт үнсіз отырып істің ақырын күттім. Бастапқы көрініс еш өзгермеді, ақысына ана жігіттің дауысы одан сайын қатайып, әкем тіпті де үнсіздікке айналды. Енді менің шыдамым таусылып, ашуым басыма қарай көтерілді. Орнымнан ұшып тұрдым, жұдырығымды барынша қатты түйіп әлгі ағаның көзіне таята барып:

- Өлмей тұрғанда шық үйден... - дедім. Ештемеден қайтпауға бекінген сыңайды менің бет әлпетімнен таныған болу керек, әлгі ағай үн-түнсіз орнынан тұрып, әкеме қарап: 
- Артық ауыс сөзім болса кешіріңіз Қабаға - деді де, жылдам шығып аттанып желе жөнелді. Мен қайтадан орныма отырып апамның шайын іше бастадым. Маған қарап біраз уақыт үнсіз отырған әкем орнынан тұрды да далаға шыққалы бара жатқан адамша есікке қарай барып үйдің оң жақ босағасында кереге басында ілулі тұрған арқан, жүген, қайыстардың ішінен өрмелі жуан шідерді қолына алып екі аттап менің қасыма таяп арқамнан әлгі шідермен тартып, тартып жіберді. Мен жалғыз секіріп апама қарай қаштым. Әкем қолындағы шідерді сол жерге лақтырып тастап далаға шығып кетті. Ал апам болса менің маңдайымнан иіскеп арқамды сипалай отырып: 
- Әттең ақымақ балам-ай, үлкендердің ісіне араласып нең бар еді. Олар сенсіз де келісе алатын еді ғой. Жарайды шәйіңді іше ғой - деп тағы да маңдайымнан иіскеді. 
Кейін әкемнің ашу қайтқан кезде қасына барып: 
- Әке мен қандай қателік жібердім - деп едім, әкем маған қарап аз отырды да: 
- Енді дұрыс болды. Сен тек әлгі жерде үш үлкен қателік жібердің балам.

Айтайын. Бірінші:

Өзіңнен үлкен адамға өктемдік көрсеттің. Білесің бе, қазақтың ең жақсы қасиеті не? Ол үлкенді сыйлау. Сен өзіңнен үлкенді сыйласаң, сенен кейінгілер сені сыйлайды. Бұл енді біздің ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан үлкен заң. Сол заңды орындамадың.

Екінші:

Сен әке-шешеңнің алдында жетімнің ісін істедің. Ертеден келген бір аталы сөз бар: «Әкесі жоқ ұлдың білегі жуан, шешесі жоқ қыздың бөксесі жуан» - деген. Сен он сегізге келіп білегің жуандаса да білімің сол баяғы сегіздегі қалпынша көрінді. Бұл: «Білекті бірді жығады...»ның ертегісін сенің яки өз баламның бойынан көру болды.

Ал үшінші:

Сен әкең мен шешең (біз) тірі отырғанда үйден кісі қудың. Біліп ал. Әр қазақтың үйінде сырттан келген қонақтың бөлінбеген еншісі бар. Мейілі ол сенімен төбелескелі келіп отырған адам болса да...(үйге келген адамға үйдей пәлеңді айтпа)

Әке-шешеңді, бала-шағаңды, ағайын-туысыңды, еліңді, отаныңды басқадан қорғап сақтау жігіт адамның мойнындағы парызы. Бірақ соның бәрінің өз өз себеп-салдары болады. Бағанағы жігіт әкеңді ұстап алып сабап жатса араша түсіп қол қөтерсең жөн. Әрбір істің ізгілігі адамдардың түсінісуінен басталады. Ал айтпаған өкпе тас болып қатады. Ол маған өкпесін айтты, мен қабыл алдым. Несі айып.

«Істің жөнін ұқса осы ұғар-ау» - деп үміт артқан бір ұл едің. Мына қылығыңмен әй, сен алысқа бармайсың-ау балам - деді. Сосын жейдемді шешкізіп өрмелі шідердің осыуымен білеуленіп қызарып ісіп кеткен арқамды сипап көріп:

- Әнтек ақырындау тиіпті, бұл тез жазылады. Сен аз ойланасың. Қаттырақ тисе ол көбірек ауырып сені көбірек ойландырар еді. Апаңа барып май жаққыз - деп еді. Сонда шідермен ұрған арқамнан көрі ақылмен «ұрған» жан дүнием қаттырақ ауырғанын сездім. Содан бірнеше күннен кейін әлгі ағама кезігіп:

- Аға, ініңіздің кемшілігін кешіре көріңіз, менен ағаттық кетті - деп ат үстінен жерге қарап едім, өзі атынан түсіп, мені де аттан түсіріп мойнымнан құшақтап отырып:

- Оқасы жоқ бауырым, менің де қателігім болды. Ержетіп қалған жігіт баласының көзінше ағама өкпемді қаттырақ айттым. Бір жағы сенікі де дұрыс енді. Біреу келіп әкесіне дүрсе қоя беріп жатса қай жігіт тыныш тұра алсын. Мен кеткен соң әкең сабады ма, кәне арқаңды көрейінші - деп менің рұхсатымсыз жейдемді түріп көріп:

- Па, әлгі шалың қатты кеткен екен ә. Жә «Жарасыз ер болмайды» Біздің үйде Тамырбас-алтын дәнекер бар еді, соны алып апаңа апарып жараңа жақтыр, екі-ақ күнде жазылады - деп мойнымнан құшақтаған қалпы денемді ырғап-ырғап қарқылдап күліп еді.

Сол ағам бүгін де бар, алпыстан асқан шал болды. Мен барған сайын үйіне шақырып бір қойын сойып етті астырып қояды да бала шағасының қасында мені арқамнан қағып:

- Бұл «Итті» баяғыда қара шалға бір жақсылап сабатып алғаным қандай жақсы болған. Әйтпесе бүгін мынау мені елемес еді ә - деп айналадағы тау мен тасты жаңғырықтыра қарқылдап тұрып күледі.

Қадірлі оқырман өзің ойланып көрші. Басқа біреу сені «ИТ» десе қалай көресің. Әрине жақсы естілмейді. Ал маған сол ағаның «ИТ» дегені «ЖАНЫМ» дегенмен бірдей естіледі де сол ит деген сөзі мен ешбір риясыз қарқылдаған күлкісін есту үшін сағынам да тұрамын.

Ал әкем артынан ерген бауырлары мен бала шаға, немере шөберелерін қабағымен жасқап, қарашығымен тәрбиелеп отырып сексен алты жасында туған жердің топырағына айланды.

Мен елуге тақадым. Бүгін де өзімнен үлкен бір адаммен сөзге келіп қалсам болды баяғыдағы өрмелі шідердің осып өткен орыны бүлк ете түскендей күйге келемін.

Ойлап көрсең бүгінгі заманның арқасынан осып өтетін әкемнің сол шідері қажет-ақ шіркін.

БАЙЫТ ҚАБАНҰЛЫ

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 1 жыл бұрын

    Улкен тарбие керемет казырде отырык айтып татты омир суогенше шындыкты айтып ащы у ишып олген артык деген созимыз жойылып барады заманын тулкы болса тазы болып шал деген кобырек ары жиы айтылады. Апамнын бастап тиген АК таягы Сол калпында коз алдымда баз баягы Сол таяктын кудыретын сезынып дурыс карапайым бар болса таспай жок болса саспай омир сурудемын урпактарыма АК таяктын жегизбесемде кадырын сездырудемын

    • 1 жыл бұрын

      Таяқ жеп өскен бала жасық болады. Үлкендердің үлкендігіне салып, қол жұмсағандары жақсы емес, баланың психикасын бұзып, бүкіл тағдырына әсер етеді.

      • 1 жыл бұрын

        Қазақы тәрбие, терең тағылым бар әңгімеде. Үлкендерде осындай қасиет болмаса, кейінгілерге кім үйретеді?.. Өмірлік сабақ болып, жүрегіне сақталған қазақы қасиетті автор тамаша жеткізе білген.

        1
        Түркістандағы тек Маминге арналған "мәр-мәр тас" (видео)
        24/05 10:40 0 37
        2
        Назарбаев пен Тоқаев қалай танысқан?
        24/05 10:27 0 77
        3
        Димаш Құдайберген алғашқы жеке альбомы қашан шығатынын хабарлады
        24/05 09:23 0 28
        Отбасылы әйелді өлімге душар еткен молда соттала ма, жоқ әлде ақтала ма? (фоторепортаж)
        24/05 02:04 0 783
        ШҚО әкімшілігі Аxметов айтқан 40 мың гектар жер туралы түсінік берді (Видео)
        23/05 21:59 0 2910

        Таныстырылғандар

        Тұрғындарының ортақ құпиясы бар әлемдегі 9 елді мекен (фото)
        Тұрғындарының ортақ құпиясы бар әлемдегі 9 елді мекен (фото)
        Тұрғындарының ортақ құпиясы бар әлемдегі 9 елді мекен (фото)
        Әйелдердің барлығы чепец (бас киім) киіп жүреді. Боянуға, шаш қиюға, әшекей тағуға тыйым салынған. Үйлену тойынан кейін ер адамдар сақалын қыруына болмайды.
        Аудио тыңдау
        21/05/2019 09:42 0 2153
        Әлібек Науаров Құлсарыдан Ақкиізтоғайға дейін 31 шақырымды қалай жүгіріп өтті?
        Әлібек Науаров Құлсарыдан Ақкиізтоғайға дейін 31 шақырымды қалай жүгіріп өтті?
        Әлібек Науаров Құлсарыдан Ақкиізтоғайға дейін 31 шақырымды қалай жүгіріп өтті?
        Жүгіру үшін дүйсенбіні я болмаса сәрсенбінің сәтін күтудің қажеті жоқ
        Аудио тыңдау
        21/05/2019 11:33 0 404
        Украина саған айтам, Қазақстан, сен тыңда!
        Украина саған айтам, Қазақстан, сен тыңда!
        Украина саған айтам, Қазақстан, сен тыңда!
        Украинаның жаңа сайланған президенті Владимир Зеленский ұлықтау рәсімінен кейін елдің саясаты мен жағдайын өзгертуге кірісті
        Аудио тыңдау
        21/05/2019 12:11 0 6111
        Өлі күйінде табылған қыздың туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбей отыр
        Өлі күйінде табылған қыздың туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбей отыр
        Өлі күйінде табылған қыздың туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбей отыр
        Полиция «суицид» жасады деп болжаған қыз бауырларына үнемі бас-көз боп жүріпті. Олардың айтуынша, қалаға қатынап оқып жүрген студентке әлдебіреулер қиянат...
        Аудио тыңдау
        21/05/2019 12:37 0 417
        Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды
        Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды
        Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды
        Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен әңгімелесті.
        Аудио тыңдау
        21/05/2019 23:08 0 523
        Халықтың Жәкішевті "жоқтағанына" 10 жыл болды
        Халықтың Жәкішевті "жоқтағанына" 10 жыл болды
        Халықтың Жәкішевті "жоқтағанына" 10 жыл болды
        Көпшілік президент сайлауынан кейін Жәкішовтің бостандыққа шығатынынан үмітті.
        Аудио тыңдау
        22/05/2019 03:23 1 1531
        Ұлттық банк елордаға көше ме?
        Ұлттық банк елордаға көше ме?
        Ұлттық банк елордаға көше ме?
        Ұлттық банк Алматыдан астанаға көшіріледі деп жоспарлануда
        Аудио тыңдау
        22/05/2019 12:18 0 290
        Назарбаевтан  "Шындыққа" дейін
        Назарбаевтан "Шындыққа" дейін
        Назарбаевтан "Шындыққа" дейін
        Жастар қолдап жатыр
        Аудио тыңдау
        22/05/2019 13:11 0 1213
        Қосановтың сайлау штабы қолдаушыларына қатаң ескерту жасады (видео)
        Қосановтың сайлау штабы қолдаушыларына қатаң ескерту жасады (видео)
        Қосановтың сайлау штабы қолдаушыларына қатаң ескерту жасады (видео)
        Бұл жағдайдың бізге зияны тиуі әбден мүмкін, себебі заңға қайшы келетін тұстары бар
        Аудио тыңдау
        22/05/2019 14:02 2 8530
        Тоқаев сапасыз жолдарды қатаң сынға алды
        Тоқаев сапасыз жолдарды қатаң сынға алды
        Тоқаев сапасыз жолдарды қатаң сынға алды
        Бұл менің Үкіметке беретін тапсырмам!
        Аудио тыңдау
        23/05/2019 04:45 0 716
        Әкесін өлтірген өзбек жігітін ұрғаны үшін қазақ баласы сотталуы мүмкін
        Әкесін өлтірген өзбек жігітін ұрғаны үшін қазақ баласы сотталуы мүмкін
        Әкесін өлтірген өзбек жігітін ұрғаны үшін қазақ баласы сотталуы мүмкін
        Ол заң алдында адам денсаулығына залал келтіргені үшін жауап бермек.
        Аудио тыңдау
        23/05/2019 04:48 0 3733
        Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады
        Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады
        Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады
        Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық рухани әлеуетті ілгерілету ісінде ақын-жазушылар қауымы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
        Аудио тыңдау
        23/05/2019 16:30 0 155
        Маралтай  Райымбекұлының мерейтойы туған жерінде дүркіреп өтті
        Маралтай Райымбекұлының мерейтойы туған жерінде дүркіреп өтті
        Маралтай Райымбекұлының мерейтойы туған жерінде дүркіреп өтті
        Поэзия мерекесі   ең алдымен Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханадан бастау алды.
        Аудио тыңдау
        23/05/2019 17:39 0 122
        Нұрсұлтан Назарбаев: Мен еліміздің игілігі үшін қызмет ете беремін
        Нұрсұлтан Назарбаев: Мен еліміздің игілігі үшін қызмет ете беремін
        Нұрсұлтан Назарбаев: Мен еліміздің игілігі үшін қызмет ете беремін
        "Қазақстанда жұмыссыздық емес, кәсіптің тапшылығы бар. Сол себептен, бірінші жұмысшы мамандықтарына тегін оқытатын бағдарлама әзірленген болатын.
        Аудио тыңдау
        23/05/2019 18:52 0 1894
        Димаш Құдайберген алғашқы жеке альбомы қашан шығатынын хабарлады
        Димаш Құдайберген алғашқы жеке альбомы қашан шығатынын хабарлады
        Димаш Құдайберген алғашқы жеке альбомы қашан шығатынын хабарлады
        Альбомның атауы қандай болатыны әзірге белгісіз.
        Аудио тыңдау
        24/05/2019 09:23 0 30