«Ағайынды төртеу» лидерінің мал дәрігерінен мафиозиге дейінгі өмір жолы

«Ағайынды төртеу»  лидерінің мал дәрігерінен мафиозиге дейінгі өмір жолы
Ⓒqamshy.kz

Бұрынғы комсомол Қазақстандағы ең ірі қылмыстық топты қалай басқарды? Достары кімдер? Қарамағындағы адамдар ақшаны қалай тапты? Он екі жылға не үшін сотталды? Today.kz  Еркін Ізбасаровқа қатысты осы және атауы бастапқыда «Ағайынды төртеу» кейін «Айшуақ Жантүгел» деп ауыстырылған қылмыстық топ туралы ақпаратты жинастырыпты. Әттеген-айы, материал орыс тілінде. "Қамшы" олқылықтың орнын толтырып, оқырман қауым назарына қазақша аудармасын ұсынады.

Жастық шақ пен спорт

Қылмыстық топтың болашақ лидері балалық шағын Ақтөбе облысы, Темір ауданында өткізген. Мектепті де дәл осы жерде тәмамдап, комсомолдар қатарына қабылданды.

Жас кезінде еркін күреспен айналысты. Еркін Ізбасар медициналық институтқа түсті, бірақ екінші курста армияға кетті. Отан алдындағы борышын өтеп, Алматыға келді. Мал дәрігері мамандығы бойынша білім алды. Алайда мамандығы бойынша жұмыс таба алмады.

Еркін Ізбасар - спортшы, жас атлеттерге қол ұшын беруден шаршамайтын, туған жерінде және шет аймақтарда күресті дамыту үшін барын салған адам ретінде танымал болған. Осы істері үшін оны палуандар мен атлеттер сыйлайды. Еркін Ізбасар бірде бір жарысты қалдырмай, қатысқан. Өзінің спортқа қызығушылығын дағыстандық Wrestdag.ru-ға берген сұхбатында айтып берді.

«Мен бұл спорт түрімен шындап кірістім. Бұл қызығушылығым өмір бойы сақталып қалды. 1998 жылы жол апатына түстім. Одан кейін күреспен айналыса алмадым, бірақ күрес алаңы өзіне тартып тұрады (...) Біздің палуандар дегенім – Ақтөбе облысының палуандары.

Бастапқы кезде кәсіпкер, демеуші ретінде өз еркіммен еркін күрестің дамуына үлесімді қостым. Кейіннен мені облыстағы аталмыш спорт түрін дамытуға жауапты адам етіп сайлады. «Классиктерге», мүгедек спортшыларға да материалды көмек көрсетемін», - дейді Еркін Ізбасар.

• «4 ағайынды» тобының жетекшісіне тағайындалған жаза өзгерді

«Ағайынды төртеу» ұйымдасқан қылмыстық тобы

Топ 90-шы жылдардың ортасында таныла бастады. Ақтөбеліктер банданың басшысы кім екенін және оның жігіттері немен айналысатынын жақсы білетін. Топты білмейтіндер оның атауына қарап оның құрамына ағайындылар жиналған деп ойлауы мүмкін. Бірақ топты құрғандар достар болған. Көше заңы бойынша «ағайындылар» деп қарым-қатынасы дос пен серіктестіктен де жоғары болып саналатындарды айтады. Ұйымдасқан қылмыстық топқа көрші елдердің азаматтары да кіретін.

ҚР ҰҚК мен жемқорлыққа қарсы ведомстваның адамдары Ақтөбеде жүргізген арнайы операциядан кейін халық Еркін Ізбасар мен оның тобы туралы білді. Бұл туралы кейінірек...

Ашық дереккөзге сәйкес, «Ағайынды төртеу бандасының» ықпалы көп жерде күшті болған. Мұнай, спирт ішімдіктерін сату (Қазақстан мен Қытай арқылы өткізу контрабандасы), ойын-сауық кәсібінен ақша тауып отырған. Қылмыстық топ тіпті авто тұрақтардан да ақша тапқан.

Топ мұнай ұрлығы кезінде ұсталды. Сотта оның анық-қанығын жүргізушілер айтып берді.

«Таксимен адамдарды тасыдым. Клиенттердің бірі қосымша ақша табуды ұсынды. 2014 жылы екі мәрте Ащысайға бардым. Әр барып келгеніме 20 мың теңге берді. (...) 2015 жылы Кеңқияққа бардым. Ол жерде күзет те, қоршау да болмады. Далада тек бөшке мен май түтік қана болды. Мен көлікпен келетінмін, олар өздері тиейтін. Оның ұрланған мұнай екенін білмедім», - дейді Ережел Абдамбетов.

Түнгі рейстері үшін ол 240 мың теңге алған.

Екінші жүргізуші Михаил Кожуховский сотта оны телефонмен жалдағанын айтып берді. Оның тұрақты жұмысы болмаған, сондықтан келіскен.

«2014 жылы "КрАЗ" көлігінде сары бөшкені тасымалдадым. (...) Ал 2015 жылы Кеңқияққа барып жүрдім. Тек түнде жүретінбіз. Мені "УАЗикте" күтіп тұратын. Ақтөбеде көлігімді қараусыз қалған жанармай бекетінде тастап кететінмін. 2015 жылы Кеңқияққа 10 рет бардым», - дейді Михаил Кожуховский. Қызметі үшін Ережеп Абдаметов секілді 240 мың теңге алған.

2016 жылдың қысына дейін жұмыс жақсы жүрген.

Тергеу, сот...

2016 жылы 7 желтоқсанда Ақтөбенің бірнеше жерінде арнайы операция жүргізілді. Оған ҰҚК, СІМ және жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро қатысты. Ұсталғандар көп болды. Олардың арасында күш құрылымы өкілдері, радикалды дін өкілдері де болған. Тінту жұмыстары кеңселерде және күдіктілердің үйлерінде жасалды. Тексеруге алынған заттардың ішінде мұнайы бар автоцистерналар бар.

12 желтоқсанда «Ағайынды төртеу» қылмыстық топ басшыларын заңгер Серік Сәрсенов (қайтыс болды) қорғайтыны белгілі болды. Ол кезінде «Арқанкергенде» 15 адамды өлтірді деп айыпталған Владислав Челахты қорғаған. 26 адам тергеуге алынды. Оларды заңсыз тасымал, мұнайды сақтау, қылмыстық топ құру, бопсалау және басқа да ауыр қылмыс жасады деп айыптады. Іс 300 томнан, 17 криминалды эпизодтан тұрды. Тергеу кезінде «Ағайындылардың» қылмыстық істерін құқық қорғау органдары қызметкерлері «жауып» отырғандары анықталған.

2017 жылы 7 қарашада іс сотқа жіберілді. 2018 жылдың 15 наурызында Ақтөбе облыстық қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық сотында істі қарады. Еркін Ізбасарды ҚР ҚК 379 бабы 1 бөлімі (билік өкілдеріне бағынбау) бойынша тағылған айыпты алып тасты. Биыл сәуір айында Ақтөбенің  мүгедектер қоры сотқа жүгінді. Олар Еркін Ізбасардың мүгедек екенін және мүгедектердің құқығын сақтап, оны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Құжатқа Құралай Байменова қол қойды.

2018 жылы 2 тамызда сот шешім шығарды. «Ағайынды төртеу» қылмыстық тобының басшысы Еркін Ізбасаров 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның оң қолы Аухат Қалиев 11 жылға сотталды. Ақтөбе облысының ІІД басшысының экс-орынбасары Рахат Аханов 5 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Ақындардың шығармашылық кештері жаңа форматта өтпек
    20/10 02:10 0 150
    2
    «Мұзбалақты» көрдің бе?
    19/10 18:04 0 664
    3
    Қызыңыз үйде ме, әлде табыс табам деп кафе жағалап жүр ме?
    19/10 17:44 0 1251
    Қазақстандық YouTube-та казино мен брендті жарнамалауға тыйым салынған
    19/10 17:29 0 311
    Хабибтің әкесі Макгрегорды Дағыстанға қонаққа шақырды
    19/10 17:20 0 1482

    Таныстырылғандар

    Шымкенттік бұқалардың ғажаптығы сондай, 30 литрға дейін сүт береді (видео)
    Шымкенттік бұқалардың ғажаптығы сондай, 30 литрға дейін сүт береді (видео)
    Шымкенттік бұқалардың ғажаптығы сондай, 30 литрға дейін сүт береді (видео)
    Орта есеппен сиырлар қысқы уақытта 5 литр сүт береді. Ал бұқалар 30 литр.
    28/09/2018 17:02 0 14720
    Елбасы: Біздің компаниялар екі елдің де экономикасына инвестиция құя алады
    Елбасы: Біздің компаниялар екі елдің де экономикасына инвестиция құя алады
    Елбасы: Біздің компаниялар екі елдің де экономикасына инвестиция құя алады
    Кездесуде тараптар екі жақты ықпалдастық және сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады
    29/09/2018 10:48 1 2409
    Ресей қазақстандық тауарларға шектеу қойып жатыр
    Ресей қазақстандық тауарларға шектеу қойып жатыр
    Ресей қазақстандық тауарларға шектеу қойып жатыр
    Ресей ветеринарлық және фитосанитариялық бақылау қызметінің мәлімдеуінше, әлгі өнімдер Ресей мен Еуразия экономикалық одағының
    29/09/2018 11:58 0 3449
    БҚО-да ірі жол апатынан бір адам көз жұмды
    БҚО-да ірі жол апатынан бір адам көз жұмды
    БҚО-да ірі жол апатынан бір адам көз жұмды
    Батыс Қазақстан облысында жеңіл авотокөлік пен автобус түйісіп, салдарынан бір адам көз жұмды
    30/09/2018 10:06 0 3762
    Синоптиктер Астанада жел күшейетінін ескертеді
    Синоптиктер Астанада жел күшейетінін ескертеді
    Синоптиктер Астанада жел күшейетінін ескертеді
    Синоптиктердің болжауынша 1 қазанда көшпелі бұлт, күндіз кей кездері жауын жауады.
    01/10/2018 16:34 0 1635
    Астанада халықтың қауіпсіздігі үшін батырмасы бар бағдаршам орнатылды
    Астанада халықтың қауіпсіздігі үшін батырмасы бар бағдаршам орнатылды
    Астанада халықтың қауіпсіздігі үшін батырмасы бар бағдаршам орнатылды
    Жол белгілері бар екі жаяу жүргіншілер жолы жөндеуден өтті және қақпаға баратын жол жабылды.
    03/10/2018 17:02 0 1544
    «4 ағайынды» тобының жетекшісіне тағайындалған жаза өзгерді
    «4 ағайынды» тобының жетекшісіне тағайындалған жаза өзгерді
    «4 ағайынды» тобының жетекшісіне тағайындалған жаза өзгерді
    2 тамыз күні қылмыстық топ мүшелері 3 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге сотталған болатын.
    04/10/2018 18:04 0 6737
    Опера жұлдызы Монсеррат Кабалье қайтыс болды
    Опера жұлдызы Монсеррат Кабалье қайтыс болды
    Опера жұлдызы Монсеррат Кабалье қайтыс болды
    Жерлеу рәсімі дүйсенбі күні өтеді деп жоспарлануда.
    06/10/2018 17:27 0 1418
    Исламдық қаржыландырудың талаптарын білгіңіз келсе...
    Исламдық қаржыландырудың талаптарын білгіңіз келсе...
    Исламдық қаржыландырудың талаптарын білгіңіз келсе...
    Бүгін Islamic Finance Week аясында исламдық қаржыландырудың шеберлері өз ойларымен бөлісті. Олардың ішінде шейx Биліл Хан да бар.
    07/10/2018 18:09 0 1906
    Мүгедектердің құқықтары тапталып жатыр
    Мүгедектердің құқықтары тапталып жатыр
    Мүгедектердің құқықтары тапталып жатыр
    Бүгінгі күні облыс прокуратурасының  актілері бойынша 4млн теңге өтелді.
    09/10/2018 09:33 0 1019
    Шерхан Мұртазаның қазасына байланысты Таразда көңіл айту орны ашылды
    Шерхан Мұртазаның қазасына байланысты Таразда көңіл айту орны ашылды
    Шерхан Мұртазаның қазасына байланысты Таразда көңіл айту орны ашылды
    Шерхан Мұратазаны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 11 қазан күні Алматы қаласында өтеді.
    10/10/2018 18:49 0 1099
    Дәурен Абаев: Шерхан Мұртаза ізеттілік пен зиялылықтың үлгісіне айналған тұлға
    Дәурен Абаев: Шерхан Мұртаза ізеттілік пен зиялылықтың үлгісіне айналған тұлға
    Дәурен Абаев: Шерхан Мұртаза ізеттілік пен зиялылықтың үлгісіне айналған тұлға
    Шараға қатысушы зиялы қауым өкілдері жазушының қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі мен ұлт мүддесі үшін атқарған қызметі туралы айтып өтті.
    11/10/2018 17:44 0 1166
    Жедел жәрдем жүргізушісі өзін соққыға жыққан Түркия азаматын кешірді
    Жедел жәрдем жүргізушісі өзін соққыға жыққан Түркия азаматын кешірді
    Жедел жәрдем жүргізушісі өзін соққыға жыққан Түркия азаматын кешірді
    Николай Кучманың Түркия азаматын кешіргенін естіген желі қолданушыларының көбі «істі соңына дейін жеткізу керек» деп пікір білдірген.
    12/10/2018 15:13 0 1707
    Қазақстанда "халифат" құрғысы келген ұйым құрықталды
    Қазақстанда "халифат" құрғысы келген ұйым құрықталды
    Қазақстанда "халифат" құрғысы келген ұйым құрықталды
    Аталған ұйымның жақтастары қақтығысқа алып келу мүмкіндігін біле тұра, өзге діндерді жоққа шығарады, бұл әрекет діни экстремизм ұғымының...
    13/10/2018 11:41 0 1994
    Бақыт Сұлтанов: Біз бәріне дайын болуымыз керек
    Бақыт Сұлтанов: Біз бәріне дайын болуымыз керек
    Бақыт Сұлтанов: Біз бәріне дайын болуымыз керек
    Астана әкімдігі коммуналдық қызмет пен мердігерлердің қысқа дайындығын тексерді
    14/10/2018 11:32 0 1358