• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:20:16
Алматы
+35°

«Ақкент» тұрғын үй кешені жанында ағаштың түбінен ауыр халде табылған 4 жастағы Мұхаммед Аскароғлы есімді баланы өз әкесі басынан таспен ұрып, ағаштың түбіне тастап кеткен, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық істі тексерген полицейлер 4 жастағы баланы көлік қағып кетпегенін анықтады.

«Жол апатының куәгерімін деген қыз Мұхаммедті көлік қағып кеткенін көргенін айтқан. Кейін бұл ақпарат жалған екені анықталды. «Куәгердің» айтқандары тергеу жұмыстарының нәтижесімен қабыспаған. Бейне бақылаудан ешқандай жол апаты болмағаны анықталды. Баланың жарақаты да жол апатының салдарынан емес екені белгілі болды.

Тергеу тобы басқа да нұсқаларды қарастырды. Бейне бақылауды тексеру барысында Мұхаммедтің әкесі баласын қолымен жетектеп келе жатқаны анық көрінді. Бірнеше минуттан кейін баланы адам жоқ жерге кіргізіп, оған қатты ашуланып басынан таспен ұрған. Оқиға орны жіті тексеріліп баланы ұрған тас табылды», - дейді Алматы қалалық ІІД өкілі Салтанат Әзірбек.

Мұрат Асқароғлы өз кінәсін мойындады.

«Таң атпастан ішіп алған едім. Ол қатты мазасызданды. Мен тасты алдым да басынан ұрдым. Барлық қазақстандықтардан, полициядан кешірім сұраймын. Мен жазаны өтеуге әзірмін», - дейді баланы әкесі.

Алматы қалалық ІІД мәліметінше, жалған куәгерлік берген қыз да жауапкершілікке тартылады.  Жалған куәгерлік еткендерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір