• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:26:28
Алматы
+35°

08 Тамыз, 2017 Саясат

ӘЭСИ сарапшылары жапондықтармен Корей түбегіндегі жағдайды талқылады

Қазақстан өзіне тиісті шектеулер қойған мемлекет ретінде де ядролық қарудың таралмау режимінің сақталуына мүдделі.

ӘЭСИ сарапшылары Қорғаныс министрлігі жанындағы Ұлттық қорғаныс зерттеулері институтынан (NIDS) келген жапондық әріптестерімен өткен кездесу аясында халықаралық және аумақтық қауіпсіздік, соның ішінде Орталық Азиядағы аймақтық ұйымдардың жұмысы мәселелерін талқылады. Кездесу ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының Алматы қаласындағы өкілдігінде өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында сарапшылар Қазақстанның алдыңғы қатарлы дамыған елдермен өзара ықпалдастығы мен мемлекетіміздің заманауи кезеңдегі сыртқы саясатының басым бағыттарын қарастырды.

Мамандар Солтүстік-Шығыс Азиядағы жағдайға қатысты өзара пікір алмасты. ӘЭСИ сарапшылары Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы нәтижесіндегі Корей түбегіндегі шиеленіскен жағдайдың дамуына қатысты NIDS өкілдерінің бағасына қызығушылық танытты. ӘЭСИ алматылық өкілдігінің жетекшісі Асқар Нұршаның сөзінше, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде ғана емес, сонымен қатар, өзіне тиісті шектеулер қойған мемлекет ретінде де ядролық қарудың таралмау режимінің сақталуына мүдделі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір