• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:14:38
Алматы
+35°

08 Қыркүйек, 2017 NEWS

ӘЭСИ америкалық «ақыл-ой орталықтарымен» серіктестікті кеңейтуде

Тараптар Қазақстан мен АҚШ-тың екі алдыңғы қатарлы зерттеу ұйымдары арасындағы серіктестік бағыттарының перспективаларын талқылады

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев «Albright Stonebridge Group» консалтингтік фирманың қызметкері, АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша экс-көмекшісі Ниша Бисвалмен кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарата агенттігі ӘЭСИ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан мен АҚШ-тың екі алдыңғы қатарлы зерттеу ұйымдары арасындағы серіктестік бағыттарының перспективаларын талқылады. Пікірталас барысында Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторының әлеуетін арттыру, «Белдеу мен жол» бастамасын жүзеге асыру аясындағы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасының маңыздылығы, сонымен қатар, АҚШ пен ҚР арасында инвестициялық серіктестік орнату мүмкіндіктері қарастырылды.

- Біз Бислав ханымды «Назарбаев Орталығы» ғимаратында қабылдағанымызға қуаныштымыз және сарапшылық пен аналитикалық салада серіктестікті нығайтуға қызығушылық танытқанына ризамыз, - деді ЭӘСИ директоры Ержан Салтыбаев.

Н.Бисвал Астанаға ЭКСПО-2014 халықаралық көрмесінің жабылу салтанаты мен америкалық павильонның құрметті қонағы ретінде келіп отыр.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) 2003 жылы құрылған. ӘЭСИ қызметі әлемдік экономика, халықаралық қатынастар, геосаясат, қауіпсіздік, сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президентінің жұмысы мен оның Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде құру мен нығайтуға және жаһандық бейбітшілік келіссөздерін жүргізуге қосқан сүбелі үлестерін зерттеуге негізделген.

Albright Stonebridge Group – жаһандық бизнес-стратегияларды жүзеге асыратын америкалық консалтингтік компания. Оның тұтынушылары қатарында трансұлттық корпорациялар, қаржы институттары, салалық бірлестіктер мен халықаралық қатынас, жаңа нарыққа шығу және қауіптерді бағалау саласындағы бейкоммерциялық ұйымдар болып табылады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір