• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:12:56
Алматы
+35°

16 Қаңтар, 2018 IT

Адвокат арнайы қызметтің мессенжерлерді бұза алмайтынын айтты

Адвокат Джохар Өтебеков қазақ арнайы қызметтерінің мессенджерлердегі хаттарға қол сұға алмайтынын айтты. Бұл туралы ол өзінің Telegram каналында жазды.

Адвокат Джохар Өтебеков қазақ арнайы қызметтерінің мессенджерлердегі хаттарға қол сұға алмайтынын айтты. Бұл туралы ол өзінің Telegram каналында жазды.

– Біреудің құдыретіне сенуге құмартып тұрады екенсіздер! Мен жазда ақпараттық қауіпсіздікке арналған халықаралық семинарға қатыстым. Telegram, Signal, Viber, Facebook Messenger мен WhatsApp желілері мәтіндік хабарламаларды бұрыннан екіжақты шифрлаумен қорғайды. WhatsApp-тан өзге барлығында серверлерде сақталмайтын ҚҰПИЯ чаттары және бар. Айрықша сенімділік үшін соларды қолдану керек.

Әйтпесе, теориялық тұрғыдан қарағанда, арнайы қызметтер сіздердің жазысқан хаттарыңызды серверлерден алуы мүмкін. Бірақ өз басым америкалықтардың арнайы қызметтерге ондай ақпарат беретініне күмәнданамын. Нақтылай кетейін. Иә, терроризммен күрес деген ұранмен ақпарат беруі ықтимал, алайда ондайды естімеппін. Жақында end-to-end шифрлау жүйесі Skype-та да пайда болады.

Мұны өз тәжірибемнен дәлелдей аламын. Мен небір маңызды қылмыстық істерді көрдім, бірақ мессенджерлердің бұзылған мысалын кездестірмеппін.

Өзіңізге қарсы қолданылуы мүмкін қоңырауларға жоғарыда айтылған 5 мессенджердің біреуін пайдаланыңыз. Олардың тыңдалғанын да ешқашан естімеппін.

Мен WhatsApp-тан алынып, басып шығарылған мессенджерлердегі хат алмасулардың том-том  скриншоттарын көрдім. Күштік құрылымдарға сіздің мессенджеріңізді бұзып жатудың қажеті жоқ.

Органдарға сізді жеке чаттағы сұхбаттасыңыз немесе топтық чаттағы қатысушылар ұстап береді. Бүкіл қылмыстық істер – жалған ақпарат тарату, терроризмді насихаттау, бопсалау, алаяқтық және т.б. – солардың арқасында жиналған.

Алдымен айналаңызға және тіліңізге, содан кейін ғана гаджеттеріңіз бен парольдарыңызға абай болыңыз, – деді адвокат.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір