• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 23:47:38
Алматы
+35°

21 Наурыз, 2019 Аймақтар

Әділет министрі елорда атауына қатысты: Жеке құжаттарды шұғыл ауыстырудың қажеті жоқ

"Бұл өмір, өзгеріс ақылға қонымды мерзімде жасалады. Тарихта атауы өзгерген қалалар аз емес, бәрі бір түннің ішінде ауысып кеткен жоқ."

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру мәселесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Куәлік құжаттар, мысалы, туу туралы куәлік, дипломдар, жүргізушілік куәліктерді қазірден бастап шұғыл ауыстырудың қажеті жоқ. Бұл құжаттар тиісті белгіленген мерзімі бойынша, яғни ауыстыру уақыты жеткен кезде өзінің кезегімен ауыстырылады», - деді Марат Бекетаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысынан кейін.

"Бұл өмір, өзгеріс ақылға қонымды мерзімде жасалады. Тарихта атауы өзгерген қалалар аз емес, бәрі бір түннің ішінде ауысып кеткен жоқ. Ақылға қонымды уақыт ішінде бәрі ауыстырылады", - деді әділет министрі.

 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент елорданың атауын Нұрсұлтан қаласына өзгерту туралы құжатты қабылдады.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір