• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:16:44
Алматы
+35°

30 Сәуір, 2017 Саясат

Әділдік үшін басын бәйгеге тіккен спортшы

22 сәуір  күні  TNA ережесі бойынша кикбоксингтан Қырғыстан  тумасы  Дастан  Шершеев  Қазан  қаласында  жекпе-жек...

22 сәуір  күні  TNA ережесі бойынша кикбоксингтан Қырғыстан  тумасы  Дастан  Шершеев  Қазан  қаласында  жекпе-жек  өткізген  болатын. Оның айқын басымдылығына қарамастан Ресейлік төреші Антон Калинин жеңісті қарсыласына берді. Жекпе-жек  соңында  ол рингтен  кетпей  өзінің  жеңгенін  айтумен болды.  Ертесі  күнгі  ғаламторда  жарияланған видеода Ресей төрешісінің  оған  қоқаң-лоққы  көрсетіп, егер  шешімге  көнбейтін  болса  Ресейден  жер  аударып, немесе түрмеге  жабатынын  айтып  жатқандығын  аңғаруға  болады.

Күзетші  оны  рингтен шығаруға  тырысқан  кезде, жүргізушіден  микрофонды  жұлып  алып: «Иә, барлықтарыңыз көрдіңіздер менің жеңгенімді», - деп айғай салған. «Өздеріңізге  сұрақ  қойыңыздаршы:  бұл әлемде қайда әділеттілік бар? », - деп жүрек назын білдірген. Сонда  жанкүйерлердің  бірі: «ақшада», - деп айғайлаған. «Әлде менің  терімнің  түсі  бірдеңе білдіре ме? », - деп  ақ қалпақ  киген қырғыздың  батыры  күйінішін  жеткізген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір