• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:30:42
Алматы
+35°

16 Қазан, 2018 Оқиғалар

"Әдемі-Ай" компаниясының жаңа кәдесыйлар топтамасының тұсаукесері өтеді

Шара мақсаты – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ұрпаққа қазақтың ұлттық өнерін дәріптеу.

 

2018 жылдың 18 қазан күні «Әдемі-Ай» өнер үйінде танымал топтамашы-этнограф, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы, Қазақстандағы түркі халықтарында сирек кездесетін алтын және күміс бұйымдары мұражайының бірден-бір иегері Бахаргүл Төлегенқызы басқаратын «Әдемі-Ай» компаниясының жаңа кәдесыйлар топтамасының  тұсаукесері  және мыңнан аса тарихи құнды ұлттық жәдігерлеріміз жинақталған жеке көрмесінің жаңа бұйымдарының көрсетілімі өтеді деп хабарлайды

Шара мақсаты – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ұрпаққа қазақтың ұлттық өнерін дәріптеу. Ұлттық кәдесыйларымызды қазіргі заман талабына сай жаңғырту. Сондай-ақ, Бахаргүл Төлегенқызының өнегелі өмір баспалдақтарын, рухани құндылықтарымызды жаңғыртуда жасап жатқан жұмыстарын жастарға үлгі ету.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір