• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:48:00
Алматы
+35°

20 Сәуір, 2017 NEWS

Адамның кіндік қанының жасартатын қасиеті бар екені анықталды

Американдық нейробиологтар адамның кіндік қанында болатын ақуыздардың жасартатын қасиеті бар екенін анықтаған.

Американдық нейробиологтар адамның кіндік қанында болатын ақуыздардың жасартатын қасиеті бар екенін анықтаған.

Бұл тәжірибені зерттеушілер тышқандарға қолданған. Кіндікте болатын қандағы ақуыздар кәрі тышқандарды жасартқаны дәлелденген. Бұл туралы Қамшы АА   lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл зерттеу туралы Nature журналы материал жариялаған. Аталған зерттеу Стэнфорд университетінде жүргізілген.

Кіндік қанының құрамындағы  ақуыздар – қартайған тышқандардың когнитивтілік қасиеттерін жақсартқан. Оны зерттеушілер тышқандар миына  жүргізілген жадыға қатысты жаттығулардан соң аңғарған.

Зерттеушілердің пікірінше, аталған ақуыз қартайған адамдардың да миын, жадысын, конгнитивті қабілеттерін қайта қалпына келтіріп, жетілдіруге үлесін тигізуі ықтимал. Осыған орай, ақуыздар құрамында бар  препараттарды жасау кәрі адамды белгілі-бір тұрғыда жасартуға мүмкіндік беруі әбден мүмкін. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір