• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:05:12
Алматы
+35°

25 Қаңтар, 2019 Айтты-ей, бауырың!

"Абзалдай азаматқа бір ауыз жеделхат жолдап, көңіл айтса, тағынан түсіп қалмас еді ғой"

Бүгін халықтың сүйікті ұлы Абзал Құспан Айғанай періштеміздің жетісін берді...

Бүгін халықтың сүйікті ұлы Абзал Құспан Айғанай періштеміздің жетісін берді... Садақа қабыл болсын!
Періштелер әлеміне көшкен періштеміз жеті қат көкте қалықтасын, рухы жақындарын желеп-жебесін!

Бүгін Абзалға "U.S. Consulate Aimaty" АҚШ Бас консулы Эрик Майер Көңіл айту жеделхатын жолдапты. Балапанын жоғалтқан Абзал Консулға деген шексіз ризашылығын білдіріп, маған былай депті:
"Сәуле, қарашы, АҚШ-тың Бас консулы Көңіл айту жеделхатын жолдапты... Мен тіпті, риза болып отырмын... Бұлардың адамгершілігінде шек жоқ қой". 

Абзал Құспан

— Қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі әкім-қаралардан келіп, келмесе де, көңіл айтып, осындай жеделхат жолдағандар болды ма десем, "жоқ" дейді...

Соны оқып отырып ойға қалдым...

Біздің халықаралық деңгейдегі демей-ақ қояйын, аудандық, қалалық, облыстық, тіпті республикалық деңгейдегі "ақылды" әкім-қаралардың осындай ауыр қазаға көңіл айтуға да милары, адамгершіліктері жетпейді ғой...

Әйтпесе әрбір қадамын жарнамалауға құмар әкім-қаралар осындайда адамгершілік танытса, күнделікті жарнамасынан жүз есе артық адами қадам болмас па еді?!

БҚО әкімінің немесе Орал қаласы әкімінің кіп-кішкентай періштенің қазасына қабырғалары қайыспауын өз басым, еш түсіне алар емеспін... Абзалдай абзал азаматтарын мақтан тұта білмейтін, ел алдында жүрген, халықтың махаббатына бөленген жерлестеріне екі ауыз көңіл айта білмейтін қандай адамдар? Бір ауыз жеделхат жолдап, көңілдерін білдірсе, тағынан түсіп қалмас еді ғой... Одан періштеміз тіріліп келмейді, әрине, бірақ адамның адамшылығы осындайда көрініп, көңіл деген осындайда білінеді емес пе?! Тіпті, үйіне келіп көңіл айтса да қандай жарасымды әрі адамгершілікті болар еді...

Бәріміз сынайтын, әсіресе мен көп сынайтын министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мұндай мәселеде айналайын екен, былтыр балам қайтқанда баспасөз қызметінен Айдар Қырықбай  "бастық жіберді, сізге сәлем айтты, көңіл айтуын жолдады" деп келіп кеткен. Содан бері ол министрді бұрынғыдай онша көп сынамайтын болдым...

Әй, әкім-қаралар-ай... Қарапайым ғана адамшылыққа не өздеріңнің миларың жетпейді, не көмекшілеріңнің, не баспасөз хатшыларыңның милары, адамгершіліктері жетпейді. Бүкіл Қазақ Даласын күңіренткен қаза туралы сіздер естімей қалды деп ойламаймын. 

Ал бүгін біздің қолымыздан келгені - жеті шелпегімізді пісіріп, Айғанайдың рухына құран бағыштау...

Сәуле Әбілдаханқызының фейсбук парақшасынан алынған

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір