• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:30:32
Алматы
+35°

23 Тамыз, 2018 Саясат

Абзал Құспанның еңбегі ерен десеңіз, қолдаңыз!

«Қазақстан адвокатының алтын белгісі» – «Золотой знак адвоката Казахстана» медалі республика бойынша жыл сайын бір адвокатқа беріледі.

"ДАТ" баспагерлік медиа жобасының ұжымы адвокат, нағыз ұлт жанашыры Абзал Құспанды медальге ұсыну жайында бастама көтерді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Бақытгүл Мәкімбайдың фейсбук парақшасына сілтеме жасай отырып. Абзал Құспанның азаматтығы мен кәсібилігі, қарапайымдылығы мен ұлтжандылығына тәнті болған біз қуана-қуана бұл ұсынысты оқырман қауымның назарына ұсынамыз.

"Қазақстан Республикасындағы адвокаттық қызмет және адвокатура саласындағы наградалар туралы ережеге сәйкес «Қазақстан адвокатының алтын белгісі» – «Золотой знак адвоката Казахстана» медалі адвокаттық қауымдастықтың ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсі болып саналады.
«Қазақстан адвокатының алтын белгісі» – «Золотой знак адвоката Казахстана» медалі Қазақстан Республикасы адвокаттық қауымдастығының ең жоғарғы дәрежелi ерекшелiк белгiсі болып табылатын адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауда аянбай еңбек етіп жүрген және адвокаттық кәсіптің ар-намысы мен абыройының жоғары мұратына берілген адвокаттық қызметтің ерекше үлгісі болып табылатын адвокаттар наградталады. 
«Қазақстан адвокатының алтын белгісі» – «Золотой знак адвоката Казахстана» медалі республика бойынша жыл сайын бір адвокатқа беріледі.
Республикалық адвокаттар алқа төралқасына Қытай Халық Республикасының азаматын Сайрагүл Сауытбайдың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғап, сонымен қатар барлық іс әрекеттерін «про боно» шеңбері аясында қызмет еткен Батыс Қазақстан облысының адвокаттар алқасының адвокаты Құспан Абзал Темірғалиұлын аталған медальмен наградтауға ұсыныс жасайық!" деп жазады журналист Бақытгүл Мәкімбай.

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір