• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:08:55
Алматы
+35°

13 Маусым, 2018 Саясат

Әблязов маған авторитет емес – Айдос Сарым

23 маусымда өтетін митингіге шықпаймын және өзгелерге де шықпауға кеңес беремін. Неге екенін түсіндіріп өтейін.

23 маусымда өтетін митингіге шықпаймын және өзгелерге де шықпауға кеңес беремін. Неге екенін түсіндіріп өтейін.

1.Әблязов мен үшін авторитетті тұлға емес, тіпті ол үшін бір жерге аяқ аттап басуға тұрмайды. Қала берді, ол оппозиция лидері де, монополиялық өкіл де емес.

Өзін имам Хомейни ретінде көрсеткісі келген болар, бірақ онысынан да түк шықпайды. Ол – бүгінгі билік жүйесінің нәтижесі, ол – қылмыскер. Біреуді сынамас бұрын өзі қаншама заңды сұрақтарға жауап беруі тиіс.

2. Популизмге ғана жетелейтін Әблязовтың насихатын мүлдем ұнатпаймын. Тегін білім, тартып алып, бөліп беру, тегін тарату, тегін салу – мұның бәрі необольшевизм. Онсыз да ыдырауға шақ қалған қоғамды жік-жікке бөлетін амал ғана.

Большевиктік ұрандардың соңы неге әкеп соққаны тарихтан белгілі: атыс, соғыс және аштық.

3. 23 маусымдағы митинг – арандату. Бұл күн – полиция мен мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесі. Мұның түбі жанжалға әкеп соғатынын түсіну үшін артық ойланудың қажеті жоқ.

Әблязовтың дәл осы күнді таңдауының астарынан мынаны аңғаруға болады: ол халық пен полицияны қағыстырып қойып, қан төгілгенін қалайды. Оның логикасы өте қарапайым: неғұрлым көп адам зардап шексе, соғұрлым жақсы. Меніңше, Парижде отырып алып халықты билікке айдап салуға Әблязовтың моральдық құқығы жоқ. Әрине, оның шақырған акцияларына қатысып, айтқанынан шықпайтындар зардап шексе, жауап беретін де, моральдық, қаржылық шығындарын өтейтін де өзі емес. Оны қолдамаңыздар демеймін, алайда өзім оның құралына айналғым келмейді.

Жағдайды қиындатып, Әблязовты насихаттап отырған – биліктің өзі, бұған анық көзім жетті. Оның парақшаларын бұғаттап әуреленгенше, пікірсайыстар мен ашық кеңістікке мүмкіндік беріп, телеарналар құру керек. Митингілерге тыйым салғаннан саяси алаңды кеңейтіп, митингілер жайлы заңды жеңілдету әлдеқайда тиімді. Әр қалада халық өз пікірін еркін білдіре алатын, наразылығын жеткізе алатын Гайд-парк болуы тиіс.  Елдің дамуын көздейтін ондаған партия құрылсын. Олар бір-біріне бәсекелес бола отырып, елдің дамуы мен көркеюіне септігін тигізетін болады.

Айдос Сарымның Facebook парақшасынан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір