• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:26:00
Алматы
+35°

07 Ақпан, 2019 Әлеумет

Әбілқасымова басқаратын министрлік "халық үшін" былтыр қанша қаржы жұмсады?

Министр Мадина Әбілқасымова ханымның былтырғы жылғы халық үшін істегенін Facebook қолданушысы Александр Баранов жиып көріпті.

ҚР Еңбек және әлеуметті қорғау министрлігі қарапайым халық үшін не істеді? Бүгінгі күні барша қазақстандықты алаңдататын сұрақ та осы болып отыр. Министр Мадина Әбілқасымова ханымның былтырғы жылғы халық үшін істегенін Facebook қолданушысы Александр Баранов жиып көріпті. Жазбасы төмендегідей:

Біріншіден, 25 миллион теңге министрлік басшылығына арналған 4 көлікті жалдауға жұмсалды. Әрі қарай...

Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесін модернизациялау жұмыстары мен әлеуметтік көмектің жаңа форматы үшін 35 миллион теңге жұмсалды.

Тағы 35 миллион теңге видеоконференцияларға арналған құрылғыларға кетті;

«Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» республикалық форумы мен Еңбек күнін тойлау үшін мемлекет 16 миллион теңгесін қиды;

Өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлік бағдарламасын нақтылау үшін 47,9 миллион теңге жұмсалыпты;

30 миллион теңге әлеуметтік көмек алушыларды анықтау үшін қолданылатын мақсатты критерийлерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге кетсе, 6 миллион теңге Қазақстандағы көпбалалы отбасылардың әл-ауқатын анықтау жұмыстарына кетіпті;

«Қазақстанда еңбек ресурстарын мемлекеттік реттеуді дамытудың келешегі» тақырыбына арналған аналитикалық зерттеу үшін 18 миллион теңге жұмсалған;

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауын өткізу үшін 34 миллион теңге бөлінген;

11 миллион теңге «Әлеуметтік саясаттың демографиялық өсу қарқынына әсері» тақырыбын зерттеуге жұмсалыпты.

Бұдан өзге полиграфиялық өнім (3,2 миллион), есептеу техникасына қажетті материалдарға (4,5 млн), тапсырыс хаттар (700 мың), министрлікке арналған картиналар (1,3 млн), перде (2,2 млн), кеңсе креслолары (1,6 млн) сынды ұсақ-түйек заттар үшін де миллиондаған ақша бөлінген. Жалпы министрліктегі жұмыс қызып тұр, мемлекеттен бөлінген қаржы толық игерілді. Тағы қандай мін тағасыз?

Александр Барановтың Facebook-тегі парақшасынан аударылды

Аударған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір