• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:25:22
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2018 Саясат

Әбдірахманов Елбасыға СІМ-нің қызметі мен жоспарын баяндады

Кездесу барысында Қайрат Әбдірахманов Мемлекет басшысына Сыртқы істер министрлігінің қазіргі қызметі, алдағы кезеңге арналған жоспарлары жөнінде мәлімдеді.

Қазақстан Президенті Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қайрат Әбдірахманов Мемлекет басшысына Сыртқы істер министрлігінің қазіргі қызметі, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары жөнінде мәлімдеді.

Елбасы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі мен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық барысындағы ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелерге баса назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар тұрғысынан алғанда, сыртқы саясат ведомствосы экономикамыздың басты салаларына шетелдік инвестиция тарту үдерісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Қазақстан Президенті кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір