Абай Серғазиев: 19 жасымда Кипрде бизнес аштым

Абай Серғазиев: 19 жасымда Кипрде бизнес аштым
ⒸИнстагам

Елімізде қарқынды дамып келе жатқан ІТ бағытында жұмыс жасап, бірқатар жетістіктерді бағындырып жүрген «Galamat Tech» компаниясының директоры Абай Серғазиев мырзамен әңгіме-дүкен құрғанбыз. Білімі мен тәуекелі тізе қосқан азаматтың кәсіпкерлік мансабы мен жоспары жайлы білгіңіз келсе, мархабат, оқыңыз.

- Сіз жастар арасында кәсіп саласынан біршама жетістікке жеткен азамат ретінде танымалсыз. Айтыңызшы, қазір жұмыс істеп тұрған кәсібіңізге дейін неше рет іс бастап, неше рет сүріндіңіз?

- Қазір жұмыс істеп тұрған кәсібімді жолға қоярда аса үлкен қиыншылық көре қоймадым. Шүкір деп айтайық. Кипрде ашқан кәсібімде бір сүрінгенім бар. Ол кезде 18 жастамын. Құжаттама процесін дұрыс түсінбейміз. Қолма-қол қаражатқа келісіп, ашылған дүние. Әйтеуір, істің соңында сол елдің құқық қорғау органдарынан бір-ақ шықтық.

Абырой болып, дұрыс түсінбеудің салдарынан туындаған келеңсіздіктің арты шусыз шешілді. Сол істі тастай қашпай, соңына дейін жеткізіп, айналасы үш айдың ішінде 800 доллар ақшамызды 31 мың долларға айналдырдық.

Кейіннен түрлі кәсіптердегі табыстың барлығын осы ІТ саласына салып жүрген кезде бір сүрінгенбіз. Ол уақытта, яғни, 2016 жылы біз Қытайдан әртүрлі тауар әкеліп, оны нарыққа шығаратынбыз. Содан аппараттар сынып, әйтеуір ақырында 18 миллион теңге қарыз болдық. Бұл жолы да алты кездесу ұйымдастырып жүріп, мәселені өз пайдамызға шештік.

- Әлемде медианарық саласы ірі кәсіп көзі ретінде саналады. Қазақстандағы ақпарат саласының деңгейі осы дәрежеге қашан жетеді?

- Бұл мәселенің дәл қазіргі уақытта шешімін табуы қиындау. Өйткені, елдің медиа саласы ірі кәсіп көзіне айналу үшін, ең алдымен, шетелге контент сатудың бірізді форматын жасау шарт.

Ол үшін әлемдегі Netflix немесе ТМД елдеріндегі Megogo сияқты ірі платформаларды медиа нарыққа шығару қажеттілігі туындайды. Сонымен қатар, бір ғана қоғамның емес, әлемнің сұранысын қанағаттандыратын контенттер түсіруге ұмтылыс керек. Мысалы, "Игра престолов" секілді.

Біздің елдегі медиа саласын кәсіпке айналдыру үшін оған нарық керек. Ал Қазақстандағы медиа нарықтың әлеуеті ол деңгейге жеткен жоқ. Болашақта теледидар мен радио сынды ақпарат көздерінің атқаратын рөлі интернеттің қолына өтіп кетеді.

Біз қазірден бастап, медиа мен ІТ бағыттарын ұштастырып, кіші медиа компаниялар құрсақ, солардың арасында бәсеке болса, бұл – өсу үдерісінің көрінісі.

- Елімізде қазіргі уақытта жұмыс жасап тұрған 850 мыңға жуық жеке кәсіпкерлік бар екен. Халық санының аздығы кәсіпкерлердің тұтынушы үшін бәсекеге түсуіне қиындық туғызады деп ойлайсыз ба?

- Әрине, қиындық туғызады. Бірақ әр қиындықтың артында өз жеңілдігі бар ғой. Әсіресе, біздегі кәсіпкерлер, инженерлер шетелдің, Ресей мен Беларусьтің тәжірибесіне сүйеніп жұмыс жасаса, жақсы болар еді.

Бізде бірқатар дүниелерді ІТ саласында дамыту керек. Ірі платформалардың қажеттілігі туындап отыр. Ең кем дегенде Ресейдегі "Яндекс" сияқты дүниелер жасалуы тиіс.

Екінші бір қиындығы – біздегі инженерлердің өндірісте жүрмеуі. Олар өздерін түрлі бағытта сынап, тәжірибесін ұштау қажет.

Сондай-ақ, біз тек ІТ саласына ғана емес, агроөнеркәсіп, туризм секілді қаржы түсіретін бағыттарды дамыту шарт. Бізге күшті, жерасты байлықтарын емес, білімді сататын уақыт келді.

Эко-тағамдармен көрші елдерді, өзіміздің жалпы халықты қамтамасыз етсек, ішкі туризмді дамытсақ, жел энергетикасын өндіруді қалыптастырсақ, білім беру бағытындағы бәсекелестікті арттырсақ, ірі көлемдегі қаражат түсер еді мемлекет қазынасына. Бұл – экономикалық дамудың кепілі.

- Бәрінің көксегені өздігінен ақша түсіретін жеке кәсіп. Бірақ осы салаға алғаш ат басын бұрғандардың 90 пайыздан астамы бір жылда дағдарысқа ұшырап жатады. Жаңадан бизнес бастағалы жатқан азаматтар нені ескеруі керек?

- Кез-келген адамның кәсіпкер бола алмайтыны рас. Осы салада жетістікке жеткен азаматтардың бойында туа біткен ерекше қасиеттер болады. Оның бірі – қайраттылық, ерік жігердің мықты болуы. Кәсіпте жетістікке жету үшін, ең алдымен, адам тәуекел ете білгені жөн. Тәуекелдің артында табыс болады.

Қайта-қайта сүрініп, дағдарысқа ұшырап жатса да, қойған мақсатынан айнымайтын адамдар аз ғана уақыттың ішінде орта деңгейден жоғары кәсіпкерге айналады.

Ал әлгі сіз айтып отырған 90 пайыз адамдар да құлдырап кетпейді. Олар өз жолдарын тауып, басқа салада бақ сынайды.

Кәсіпкер болғыңыз келсе, теориялық білімге емес, ішкі сенімділіктің жоғары болуына және тәуекел етуге, іс жүзінде сынап көруге, дағдарысқа ұшырауға, қайта бастауға дайын болыңыз.

- Біздің нарықта алыпсатарлардың қарасы қалың. Әсіресе, Қытаймен сауда байланысының қарқыны қатты. Аспан асты елінің тауарын тұтыну ел экономикасының, өндірістің дамуына кедергі емес пе?

  • Бірден айтайын, Қытайдан қорқудың қажеті жоқ! Бұл елдің бізге инвестиция құйып, киіммен және басқа тауарлармен қамтығаннан басқа зияны жоқ.

Керісінше, осы елдің сауда жасау саясаты мен машығына көңіл аударып, бірқатар дүниелерді үйренгеніміз жөн. Тағы да қайталаймын, Яндекс, Uber секілді бәсекелестіктен тысқары һәм биік тұратын бизнес модельдерін жасасақ, көрші елдің жаңашылдықтарына таңырқай бермейтін боламыз.

Ал өзіміздің кішкентай ғана нарығымызды өзіміз қамтып алмайынша, сауда-саттық каналдарына бөгет салу – экономиканы құлдырататын жол.

- Бізде қазір "бизнес-тренер" деген тренд қарқынды қалыптасуда. Шешен сөйлейтін осы азаматтар бизнестің шынтуайтындағы көрінісін тұтынушыларына түсіндіріп береді ме, әлде таптаурын теориялар мен шетел кәсіпкерлерінің еңбегін қазақшалап көзбояушылық жасап жүр ме? Қалай ойлайсыз?

- Рас, бұл тренд қазіргі уақытта қарқынды белең алып тұр. Егер жас буынға шынымен жаны ашып, өз бауырларына бизнестің ішкі кухнясын үйретуді мүдде тұтса, онда олардан келер зиян жоқ.

Ал кейбір тренерлер бар, көзбояушылық жасап, халықты алдап, ауадан ақша табуды көздейтін. Оларды халық өзі анықтайды. Артынша бұл типтегі бизнес-тренерлермен ешқандай кәсіпкер жұмыс жасамайтыны анық.

Мен өзім де бизнес-тренерлердің алдынан өткенмін. Олардың жоқ дегенде тиетін бір пайдасы бар. Ол – жастарға мотивация беру. Адам өзіне сенген кезде ғана өзінің қауқарын байқай бастайды. Ал ол ішкі сенімділікті арттыруға көмектеседі.

- Онлайн-маркетинг жүйесі – қазіргі уақыттағы шағын және орта кәсіптің құтқарушысы. Осы жүйенің біздің елдегі деңгейі қандай? 

- Бұл бағыт біздің елде қарқынды дамып жатыр деп айта аламын. Осы салада жұмыс жасап жүргеннен кейін мына мәселенің басын ашып өтейін. Бұл саланы бизнес деп емес, өзіңді-өзің жұмыспен қамту деп айтсақ дұрыстау болады. Әйтпесе, онлайн-маркетингтен қыруар қаражат табамын деп иегі қышитындар да табылады.

Біздегі қалталы кәсіпкерлер онлайн-маркетингті менсінбейді. Бұл – айтылуы тиіс екінші мәселе. Негізі, сатудың осы түрі тұрақты тұтынушыларды алып келеді.

Үшіншіден, жалған мамандар көбейді. Олар оқыған немесе видеодан көргенін клиентке өткізбек болады. Ал шикі нәрсенің нәтиже бермесі анық қой. Содан кейін онлайн-маркетингке деген кері көзқарас қалыптасады.

Әрине, біздегі онлайн-маркетинг дәрежесі Ресей мен Украинаға жете қоймады. Бірақ осы салада жұмыс жасап жүрген біздің азаматтар жоқтан бар жасауға тырысып жүріп, дәрежелерін, білімдерін арттырды. Олар қазір АҚШ-тың, Еуропаның мамандарымен үзеңгі қағыстыра алады.

- Кайдзен, холакратия сынды басқару және қызмет ету жүйелері еліміздегі сыбайлас жемқорлықты шешеді дейді. Сіз қалай ойлайсыз?

- Кайдзен де, холакратия да жай ғана құрал емес, философия ғой. Егер осы көзқарас тұрғысынан қарайтын болсақ, адамдардың санасына революция жасап, сыбайлас жемқорлық мәселесін шешуі де мүмкін. Ең алдымен, сыбайлас жемқорлықтан арылу үшін мемлекеттік заңды бір ортаның мүддесіне ыңғайламай, жалпы халыққа бірдей ету керек.

Әлгі кайдзен, холакратия сияқты құралдар ІТ саласында команда жинау, жұмыс жасау үшін өте тиімді. Сол бағытта пайдаланып көруге болады. Егер кайдзенді мемлекеттік дәрежеде қолданысқа енгізсе, ол құрал сөзсіз қоғамды дамытар еді.

- Ел экономикасын шағын және орта кәсіп дамытады деген тәмсіл қалыптасқан. Ірі өндірістер кенжелеп тұр. Сол бағытта бақ сынау ойыңызда жоқ па?

- Әзірге ойымда да, жоспарымда да жоқ. Негізі бұл бағытта бақ сынап көргенбіз. Уағында жиһаз жасаумен айналысатын компаниямыз болған. Машақаты көп, басы-қасында жүрмесең, іс алға баспайтын қиындау бағыт.

Қазір тек қана білім саласымен, ІТ саласымен айналысып жатырмын. Осы кезде консалтинг компания дайындап жатырмыз. Білім беру бағытындағы бір компаниямыз сынақтардан өту үстінде.

Алдағы бес ішіндегі айқын жоспар – тек қана ІТ-жобалармен айналысу.

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан: Әділет МӘДЕНИЕТ

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Атырауда мемлекеттік рәміздер алаңы мен 91 метрлік тутұғыр салынуда
    20/05 15:01 0 34
    2
    Байбек қаланы қоғамдық көлікпен аралап жүр
    20/05 15:00 0 52
    3
    Жаңа емле ережелеріндегі кемшіліктер
    20/05 14:52 0 49
    Зеленский “кет” деді. Кетті!
    20/05 14:38 0 97
    Huawei смартфондарында Android операциялық жүйесінің жаңартулары тоқтатылады
    20/05 14:22 0 98

    Таныстырылғандар

    Депутат "Өз ойым" бағдарламасына қатысты пікір білдірді
    Депутат "Өз ойым" бағдарламасына қатысты пікір білдірді
    Депутат "Өз ойым" бағдарламасына қатысты пікір білдірді
    "Атын шығару үшін жер өртеуге" дейін баратын теріс пиғылы жұртшылықтың орынды ашу-ызасын туғызды
    Аудио тыңдау
    15/05/2019 17:53 0 485
    Нұр-Сұлтанда тағы да митинг, тағы да аналар... (видео)
    Нұр-Сұлтанда тағы да митинг, тағы да аналар... (видео)
    Нұр-Сұлтанда тағы да митинг, тағы да аналар... (видео)
    Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Hilton» қонақүйінің жанында көп балалы аналардың наразылық акциясының өтуде
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 13:51 0 3076
    Назарбаев: Мен тек жаңа президентке қолдау көрсетемін
    Назарбаев: Мен тек жаңа президентке қолдау көрсетемін
    Назарбаев: Мен тек жаңа президентке қолдау көрсетемін
    Сондай-ақ Назарбаев аздаған қолайсыздық тудырған мәселелер туралы да пікір білдірді.
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 14:30 0 1520
    Даудың соңы дуэтпен аяқталды
    Даудың соңы дуэтпен аяқталды
    Даудың соңы дуэтпен аяқталды
    Үлкен даудан кейін Ержан Максим мен  Микелла Абрамова ортақ іспен айналысуда
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 16:05 0 855
    Атырау облысында 500-ге жуық мұғалім жетіспейді
    Атырау облысында 500-ге жуық мұғалім жетіспейді
    Атырау облысында 500-ге жуық мұғалім жетіспейді
    Атырау облысында 500-ге жуық мұғалім жетіспейді
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 13:06 0 189
    Адамзат тарихындағы ең батыл 5 әйел
    Адамзат тарихындағы ең батыл 5 әйел
    Адамзат тарихындағы ең батыл 5 әйел
    Адамзат тарихындағы ең батыл 5 әйел
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 15:38 0 477
    "Балаларды өлтіруді доғарыңдар!"
    "Балаларды өлтіруді доғарыңдар!"
    "Балаларды өлтіруді доғарыңдар!"
    Құдайдан қорықсаңдар етті!
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 16:56 0 497
    "Ескегіңді берші маған": Шымкенттің ірі көшесін су басып жатыр
    "Ескегіңді берші маған": Шымкенттің ірі көшесін су басып жатыр
    "Ескегіңді берші маған": Шымкенттің ірі көшесін су басып жатыр
    Ал әлгі бейнематериалда көліктердің белуардан су кешіп жүргені, кей көліктердің жол шетінде аялдаған күйі су астында қалғаны анық көрінеді.
    Аудио тыңдау
    19/05/2019 00:50 0 1743
    Қазақстандағы жалғыз каллиграф – Асылбек Орынбасаров (сұхбат, фото)
    Қазақстандағы жалғыз каллиграф – Асылбек Орынбасаров (сұхбат, фото)
    Қазақстандағы жалғыз каллиграф – Асылбек Орынбасаров (сұхбат, фото)
    Протездерімен, тіпті қылқаламды аузына қыстырып қойып көркем жазу жазатын екі қолы жоқ шеберлерді де көргенмін.
    Аудио тыңдау
    19/05/2019 17:50 1 498
    Нұрлан Ноғаев: Табиғатқа келтірілген залал болмайды
    Нұрлан Ноғаев: Табиғатқа келтірілген залал болмайды
    Нұрлан Ноғаев: Табиғатқа келтірілген залал болмайды
    Бұл, көктемде уылдырық шашу үшін балықтардың өзенге өтетін негізгі арналары.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 00:09 0 117
    Тоқаев әлеуметтік желі арқылы халыққа есеп бере бастады (видео)
    Тоқаев әлеуметтік желі арқылы халыққа есеп бере бастады (видео)
    Тоқаев әлеуметтік желі арқылы халыққа есеп бере бастады (видео)
    Әлеуметтік желіде Тоқаевтың 1 апталық жұмысының қысқаша видеосы жарияланды
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 02:02 0 134
    Ержан Максим Валерий Меладземен дуэт орындады (видео)
    Ержан Максим Валерий Меладземен дуэт орындады (видео)
    Ержан Максим Валерий Меладземен дуэт орындады (видео)
    "Сэра" туындысы Меладзенің Нұр-Сұлтан қаласында өткен концертінде шырқалды...
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 02:28 0 252
    Сағындық Сатыбалдин: Біз "піспеген, шала" реформаларды тәжірибеде қолданып отырмыз
    Сағындық Сатыбалдин: Біз "піспеген, шала" реформаларды тәжірибеде қолданып отырмыз
    Сағындық Сатыбалдин: Біз "піспеген, шала" реформаларды тәжірибеде қолданып отырмыз
    "Піспеген, шала" реформаларды тәжірибеде қолдану арқылы біз өрістеп, өркендей алмай отырмыз...
    20/05/2019 12:59 0 71
    Қазақстанның көптеген аймақтарында күн суытады
    Қазақстанның көптеген аймақтарында күн суытады
    Қазақстанның көптеген аймақтарында күн суытады
    Республиканың кей аймақтарында найзағай, тұман, желдің күшеюі дауыл күтіледі.
    20/05/2019 14:06 0 163
    Зеленский “кет” деді. Кетті!
    Зеленский “кет” деді. Кетті!
    Зеленский “кет” деді. Кетті!
    Украинаның қорғаныс министрі Степан Полторак мен Қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Грицак оставкаға кетті
    20/05/2019 14:38 0 99