• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:29:10
Алматы
+35°

"Айтқаным сізге ұнамас. Бірақ ақиқатты айтатын кез келді деп ойлаймын. Оны дәл қазір қабылдай алмасаңыздар да, болашақ ұрпақ түсінеді деген зор үміттенемін. "Қазақтың мақтанышы кім?" десең, бәрі "Абай" дейді. Мен мұнымен келіспеймін. Абайды өз басым мойындамаймын. Абай қандай жақсылығы үшін осыншалықты дәріптеледі? Қиын-қыстау заманда қол бастады ма әлде ел басқарды ма? Ол тіпті ауыл басқарған емес. Абай ақылды, жақсы адам. Бірақ бүкіл қазақ үлгі боларлықтай кемеңгер тұлға емес. Осыны ескерсеңіздер. Абайдың әкесі Құнанбайдың азаматтығына сөз жоқ. Ел басқарды. Шынымен де үлгі боларлық тұлға. Абай біздің заманымызда өмір сүрсе, әрі кетсе танымал блогер ғана болатын еді. Бұл туралы ол өз кітабында сыр ақтарған болатын. Бірінші қара сөзінде "осы жасқа келіп не бітірдім, енді не істемекпін" деген ойға келеді. Ол кезде Абай 45-те болатын. Демек 45 жасқа дейін Абай түк бітірмеген. Құр қыдырған, домбыра тартқан. Ешнәрсе істегісі келмеген" дейді кәсіпкер Нұрлан Байділдә. "Осының бәрін не үшін айтып отырмын, мақсатым не?" деген сұраққа өзі былай деп жауап қатады кәсіпкер: "Кеңес үкіметі қазақтың игі жақсыларын құртып тынды. Бірақ халықты алдай тұруы шарт еді. Сондықтан үлгі боларлық тұлға ретінде Абайды таңдап алды. Әуезов болса артылған міндетті жоғары деңгейде атқарып шықты. Абай жақсы жарнамалап берді. Біз әлі күнге дейін Абай сияқтымыз. Қазақ отырып алып ойланғанды, аспанға қарап армандағанды, ешнәрсе істеуге құлқы жоқ, өмірден баз кешуге даяр. Мұның бәрі сол идеологияның, жақсы пиардың тікелей әсері. Шын мәнісінде қазақта үлгі боларлық тұлғалар көп. Керей мен Жәнібек, Қасым хан, Абылай хандар нағыз азаматтар. Солар сияқты болуға ұмтылуымыз тиіс. Сонда ғана мықты боламыз. Еріккеннен Абайға тиісіп отырғаным жоқ. Қазақтың нағыз қайсар азаматтарды үлгі қылып, соларға қарап бой түзегенін қалаймын" деп сөзін аяқтады Нұрлан Байділдә.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір