• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:29:47
Алматы
+35°

02 Маусым, 2018 Саясат

Абақтыдағы Мұхтар Жәкішевке үшінші топтағы мүгедектік берілді

Мұхтар Жәкішев Қарағанды облысының климаты қолайсыз Долинка кентінде жазасын өтеп жатыр. Адвокаттың айтуынша, оның денсаулығы күрт нашарлаған.

"ҚазАтомПром" АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке үшінші топтағы мүгедектік берілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысының Долинка кентінде медициналық-еңбек сараптамалық комиссиясының кездесуі өтіп, Жәкішевке мүгедектіктің үшінші тобы берілді. Адвокат Нұрлан Бейсекеевтің мәлімдеуінше, "ҚазАтомПромның" бұрынғы басшысының қан қысымы жиі көтеріліп, денсаулығы нашарлаған. 

"Мен құжаттарды көрген жоқпын. Мүгедектіктің үшінші тобы қандай диагноздың негізінде берілгенін де нақты білмей отырмын. Келесі аптада колонияға барып мәселенің мән-жайын білуге тырысамын", - дейді адвокат. 

Қазіргі уақытта Мұхтар Жәкішев Қарағанды облысының климаты қолайсыз Долинка кентінде жазасын өтеп жатыр. Адвокаттың айтуынша, оның жағдайы күрт нашарлаған. 

- Денсаулығы нашар. Созылмалы сырқатына қоса қан қысымы жоғары. Жағдайына қатысты қосымша ақпараттармен бөлісе алмаймын. Бірақ сырқаты шынымен ауыр,-деді адвокат Нұрлан Бейсекеев. 

Адвокаттың айтуы бойынша, колонияда Жәкішевке тұрақты түрде медициналық қызмет көрсетіліп жатыр. Қан қысымын төмендетуге ерекше назар аударылған. Қазір мүгедектік берілген соң, ем шаралары бұрынғыдан жиілей түскен. 

Қазақстанның уран нарығындағы ірі кәсіпорын "ҚазАтомПром" АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 2010 жылы 14 жылға сотталды.

Естеріңізге салсақ, 2017 жылдың 15 ақпанында қазақстандық құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook-тегі парақшасында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына  Мұхтар Жәкішевке рақымшылық жасау туралы жазылған үндеу жариялады. Үндеуге бес мың адам қол қойып, 23 наурызда хаттардың бәріне Қазақстанның бас прокуратурасынан «жоқ» деген жауап келді.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір