• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:18:55
Алматы
+35°

25 Тамыз, 2017 NEWS

Абаев «ҚазАқпарат» ХАА ұжымын 97 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қазақпарат - Халықаралық дәрежеге ие болған Қазақстандағы алғашқы ақпараттық агенттік

Саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және қоғамның өзге де тыныс тіршілігі туралы жедел әрі сенімді ақпарат таратып жүрген «ҚазАқпарат» Халықаралық Ақпарат Агенттігінің құрылғанына 97 жыл толды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА бас редакторы Асқар Құмыран өзінің фейcбук парақшасында жазды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Менің көзқарасым бойынша, Дәурен Абаев бүгінгінің ең озық әрі демократияшыл министрі. «ҚазАқпарат» ХАА-нің 97 жылдық мерейтойына келіп, ұжымды құттықтады. Министрдің бізге көрсеткен жоғары қолдауына алғысымызды білдіреміз! Ұжым өз кезегінде Дәурен Асқарбекұлын «Алтын бітікші» белгісімен марапаттауды жөн санады. Ал бітікші дегеніміз – тарихымызды тасқа қашап қалдырған біздің ата-бабаларымыз. Бүгінгінің тілімен айтқанда қазақ тарихындағы ең алғашқы журналистер. «Бүгінгі күн – ертеңгі тарих» деп жазды Асқар Құмырын өзінің фейcбук парақшасында.

Айта кетсек, ҚазАқпарат – Халықаралық дәрежеге ие болған Қазақстандағы алғашқы ақпараттық агенттік. Агенттік қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар таратады. Кириллицаны оқи алмайтын шетелде тұратын қандастарымыз үшін қазақша жаңалықтар латын графикасы мен арабша төте жазуға аударылған. Агенттіктің орталық кеңсесі Қазақстанның елордасы Астана қаласында орналасқан. Елдің қаржылық және мәдени орталығы Алматыда оның филиалы – тілшілер бюросы бар. Елдің барлық аймақтарында 15 тілшілер пункті орналасқан. Оның ішіне Байқоңыр да кіреді. Ресей, Қытай, Түркия, БАӘ, Бельгия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде меншікті тілшілері бар. Бұл елімізде және әлемде болып жатқан жаңалықтарды on-line режимде жедел әрі шынайы таратуға мүмкіндік береді.

Айта кетсек, «ҚазАқпарат» 1920 жылы «РОСТА»-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі негізінде құрылды.

Халыққа сапалы ақпарат таратын жүрген "ҚазАқпарат" ұжымын Qamshy.kz ақпарат агенттігі ұжымы шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейді! 

Aigerim Taubay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір