• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:19:46
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2019 Оқиғалар

Абаев Қарағандыға қатысты: Ұлт пен дінге жаба салу – ең оңай жол

БАҚ-та жарияланып жүрген ақпараттарды жіті қадағалау және бақылауды қолыңызға алған жөн.

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев «Хабар» телеарнасындағы «Ашық сұхбат» бағдарламасына берген сұхбатында Қарағандыдағы оқиғаға байланысты пікір білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Жуырда мәжілісмен Нұртай Сабильянов қылмыстық іске қатысы бар адамдар әділетті жолмен жазаланатынын айтты. «Заң алдында бәрі бірдей. Алайда бұл іске қатысты БАҚ беттерінде түрлі сөз тарады. Біздің мақсат – саяси тұрақтылықты сақтау және қоғамдық келісім, экономиканы дамытуды жалғастыру, егемендікті берік қалпында сақтау. БАҚ-та жарияланып жүрген ақпараттарды жіті қадағалау және бақылауды қолыңызға алған жөн», - деді депутат Абаевтың назарына.

Жаппай ақпараттық жүйелердің жауапкершілігі жөнінде депутат Наринэ Микаелян да айтты. «Бұл жағдайда БАҚ-тың рөлі маңызды екені сөзсіз. Сол себепті Ақпарат және коммуникация министрлігінен осы мәселені қадағалауын сұраймыз», - деді Наринэ депутаттық сауал жолдау барысында.

Сауалдарға жауап берген министр депутаттардың сөзін қостады. «Расында, елімізде бірлік пен келісімді сақтауымыз керек. Ұлтаралық келісім – мемлекетіміз үшін аса маңызды. Егер оқиғаға анализ жасап көрер болсақ, керісінше БАҚ өкілдері бұл іске аса жауапкершілікпен қарап отыр.

Біздің мониторинг ешқандай заң бұзушылықты байқаған жоқ. Иә, әлеуметтік желіде түрлі жағымсыз пікірлердің тарап жатқаны рас, Дегенмен құқық қорғау органдары оларды қадағалап отыр. Бақылауға келер болсақ, бүгінгі күні бәрі дерлің заң бойынша жүзеге асып отыр. Жалған ақпараттарға қатысты бақылау күшейтілген, оларды таратқандар жауапкершілікке міндетті түрде тартылады», - деді Абаев.

Сонымен қоса министр «іс неге насырға шауып кетті?» деген сұраққа да жауап берді.

«Мұны ұлтаралық жанжал деп атауға болмайды. Бұл бірнеше адам қатысқан күнделікті жанжал. Ескерте кетерлік бір жайт, желтоқсанның соңғы жеті күнінде Қазақстанда 39 өлім мен 46 зардап шегу әрекеттері байқалды. Шын мәнісінде бұл қылмыс алкогольдік ішімдіктердің ішілуі негізінде болғаны ақиқат қой. Қарағандыға байланысты оған қатысқандар түсініктеме берді. Жанжал мейрамхана әкімшілігі мен демалуға барғандар арасында орын алған. Екі жақта да түрлі ұлттың адамдары болған. Ұлтқа немесе дінге жаба салу – істің мән-жайын зерттегісі келмейтіндер үшін оңай жол», - деп түсіндірді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар, министрге биліктің мәселеге қатысты үнсіздігі жайында да сұрақ қойылды.

«Бұл қайғылы жағдай бәріміз үшін үлкен сабақ болды. Халықтың ақпараттануға құқығы бар, мұны жақсы түсінеміз.

Алайда істің нақты себептерін зерттеп, нақты тұлғаларды анықтаудың өзі бірталай уақытты алады. Қазіргі жағдайда жанжалға қатысқандардың саны оннан асты, әрқайсысы әр түрлі қалада жасырынып отыр. Күдіктілердің кейбірі тіпті шетелге шығып кеткен. Полиция жан-жақсы іздеу шараларын жасады, тіпті Ресейдегі әріптестерімен байланыс орнатты.

Өздеріңізге белгілі болғандай, қашқын ұсталды. Полиция жедел қимылдады. Рас, ақпарат кеш таралды. Кейбір фактілерді тергеу мүддесіне сай жарияламадық, ең бастысы, ешкім зардап шеккен жоқ», - деп жауап берді сұраққа министр.

Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Қарағандыдағы «Древний Рим» мейрамханасы алдында жаппай төбелес орын алғаны белгілі. Соның салдарынан 23 жастағы жігіт қайтыс болды. Тағы үш жігіт пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

9 қаңтар сәрсенбіде адам өліміне күдікті Армения азаматы Нарек Гурурян Омбыда ұсталды. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға әкелу мәселесі қарастырылып жатыр.

Бұдан бұрын жігіт төбелеске қатысқанымен, адам өлтіруге қатысы жоқ екенін айтып, видео түсірген еді.  

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір