• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 06:55:35
Алматы
+35°

26 Сәуір, 2019 NEWS

Абаев баннер үшін қамалған жастар жайлы: Жастардың бұл әрекетін қолдаймын (видео)

Бұл туралы министр "Хабар" агенттігіндегі "Ашық әңгіме" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Дәурен Абаев "Шындықтан қаша алмайсың" атты акция өткізіп, 15 күнге қамалған белсенділерге қатысты пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы министр "Хабар" агенттігіндегі "Ашық әңгіме" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

Аталмыш бағдарламаның жүргізушісі "Белсенділерге қолданылған жаза олардың жасаған құқық бұзушылығына лайық па?" деген сұрақ қойды. 

"Мен іс-материалдарымен таныспағандықтан және лауазымды қызметтегі тұлға ретінде сот шешіміне қатысты ештеңе дей алмаймын. Алайда саяси акцияға қатысты азаматтық пікірімді білдірейін. Кім не десе де бұл — саяси акция. Қай жағынан алып қарасақ та саяси акцияға келіп тұр. Біріншіден, қоғамдық, екіншіден, үндеу бар. Ал үшіншіден бұл саяси жайтқа, нақтырақ айтқанда сайлауға қатысты өтті. Әрине әділ сайлауға үндеу Қазақстанның ешбір заңнамасына мүлдем қайшы емес. Мен азаматтық бастама ретінде өткізген жастардың бұл әрекетін қолдаймын. Дегенмен, ІІМ Ерлан Тұрғымбаев айтқандай, заң аясында өтуі қажет" , - дейді Дәурен Абаев. 

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір