• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:28:12
Алматы
+35°

12 Қазан, 2018

"91" тобы 8 жастағы әншіден сөз естіді (видео)

Бірнеше республикалық байқаудың гран-при иегері еркектер қандай болу керек екенін де айтып берді.

«Хабар» арнасындағы «Ана мен бала» бағдарламасына қонаққа келген дәстүрлі әнші Сағым Өмірбай 91 тобы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тек мағыналы әндерді тыңдаймын деген 8 жасар Сағымға бағдарлама жүргізушісі Қарақат Әбілдина "91" тобын тыңдайсың ба?" деген сұрағына ойланбастан "Жоқ" деп жауап берді.

"Олардың әндерінің мәні жоқ және еркек болса да қыз сияқты. Құлақтарына сырға тағады. Қыз секілді майысып жүреді. Жыным келеді!", - дейді Сағым.

Бірнеше республикалық байқаудың гран-при иегері еркектер қандай болу керек екенін де айтып берді.

"Нағыз ер адам шыдамды, салмақты болуы тиіс. Нағыз еркектің бойында болу қажет қасиет – сыпайылылық" дейді Сағым.

Әнші айтып өткен критерийлерге жауап беретін ер адам мектебінде бар екенін де айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір