• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:29:35
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2019 NEWS

900 жылдық тарихы бар ғимарат отқа оранды (фото, видео)

Париждегі тарихы тереңнен басталатын, ең көркем ғимараттардың бірі – Нотер-Дам соборы өртке оранды

Париждегі тарихы тереңнен басталатын, ең көркем ғимараттардың бірі – Нотр-Дам соборы өртке оранды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі жергілікті БАҚ-тың мәліметіне сүйеніп.

Париж

Куәгерлер түсірген видеода ғимараттың жалынға оранып, бұрқыраған түтін көрінеді.

Париж мэрі Анн Идальго өзінің Twitter желісіндегі парақшасында аталмыш оқиғаға байланысты жазба жариялап, оқиға орнында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Париж

Ал Франция президенті өз кезегінде, "Франция елінің тарихы өртке оранды" деп атады. 

париж

"Барлық француздардың назарына... Париж мэрі оқиға орнында жүр. Өрт басталған сәттен Франция тұрғындары қандай күйде болғанын жақсы түсінемін. Себебі, Нотр-Дам – біздің тарихымыз, біздің әдебиетіміз, біздің ең құнды ғимаратымыз болды. Бұл ғимарат қаншама ғасырдың, қаншама оқиғаның куәсі болды.

Париж

Салтанатты түрде жария етемін: бүгін кешке дейін бұл соборды қалпына келтіреміз. Бұған еш күмән болмасын, себебі бұл бүтіндей бір елдің тарихы" - деп айтты Франция президенті.

Париж

Париж

Париж

Париж

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір