• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:27:49
Алматы
+35°

16 Наурыз, 2019

9 жасар алматылық ресейліктерді таңдай қақтырды (видео)

Тіпті әділ қазы мүшесі "тіпті мен де бұл нотаға дәл түсе алмаймын, сен әрбір нотаға дәл түсе білдің",- деп баға берді.

9 жастағы алматылық Жан Маким ресейліктерді таңдай қақтырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол "Голос дети" жобасында қазылар алқасын өнерімен тәнті етті. Қазақстандық жас әнші Стив Уандердің Sir Duke әнін орындады.

Тіпті әділ қазы мүшесі "тіпті мен де бұл нотаға дәл түсе алмаймын, сен әрбір нотаға дәл түсе білдің",- деп баға берді. Алайда Жан Макимге тек Меладзе ғана бұрылып, оны өз командасында көргісі келді. Пелагея мен Светлана Лобода да Жанның өнеріне жоғары баға берді.

Жан Маким – ресейлік байқаудың алтыншы маусымына сүрінбей өткен екінші қазақстандық. Бұған дейін оралдық Ержан Максим әділ қазылар алқасын тәнті еткен еді. Қазақ баласы өзінің тәлімгері ретінде Валерий Меладзені таңдаған болатын.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір