• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:59:16
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2019 NEWS

9-мамырда интернетті бұғаттаған кім? Министр жауап берді

Жауап бере алмаймын. Байланысқа біздің министрлік жауап бермейді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 9-мамырда ғаламтор жүйесі мен кейбір әлеуметтік желілердің бұғатталуына қатысты жауап берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі bestnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, 9-мамырда еліміздің кейбір қалаларында күні бойы интернет және әлеуметтік желілер мен мессенджерлер істен шыққан болатын.

"Құрметті әріптестер, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі байланысқа жауап бермейді және бұл біздің министрлік атқаратын міндеттер қатарына кірмейді. Бірақ, техникалық ақаулардың болғаны рас. Бұл сұрақты провайдерлерге қойып, анықтап алуларыңызға болады",-деді министр мырза.

Журналисттердің "алдағы уақытта да осындай бұғаттау әрекеттері бола ма?" деген сұрағына:

"Жауап бере алмаймын. Байланысқа біздің министрлік жауап бермейді. Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің бұғаттау шараларына ешқандай қатысы жоқ",-деді министр Абаев.

Аударған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір