• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:53:48
Алматы
+35°

09 Ақпан, 2018 NEWS

9 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Республиканың солтүстік, шығысында қар күтіледі.

 Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік, шығысында кей жерлерінде аздаған қар күтіледі.  Қазақстанның басқа өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет.

         Жамбыл,  Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-23 м/с күтіледі. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Алматы облысында кей жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с жетеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір