• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:53:57
Алматы
+35°

01 Наурыз, 2017 Кәсіпкер

81 жастағы жапондық әжей әлемді таңдай қақтырды (ВИДЕО)

81 жастағы Масако Вакамия өзінің мобильді қосымшасын халықтың назарына ұсынды. Жапондық Вакамия 43 жыл бойы орталық банктердің бірінде жұмыс істеп, 60...

81 жастағы Масако Вакамия өзінің мобильді қосымшасын халықтың назарына ұсынды. Жапондық Вакамия 43 жыл бойы орталық банктердің бірінде жұмыс істеп, 60 жасында компьютерді үйреніп алды. Оның жасап шығарған қосымшасы Hinadan деп аталады. Бұл hina (қуыршақ) және dan (өз орнына орналастыру) сөздерінен құралған. 

Вакамияның өз блогы да бар. Онда ол Excel-мен қалай сурет салуға болатынын көрсетеді. Сонымен қатар, өз блогында саяхат жасаған елдері туралы айтады. Оның Токиода зейнеткерлерді өмірден ләззат алуды, уақытты тиімді әрі қызықты етіп өткізуге үйрететін клубы да бар.

Төмендегі видео Масако Вакамияның TEDx-те сөйлеген сөзі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір