• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:04:39
Алматы
+35°

05 Қазан, 2018 Айтты-ей, бауырың!

Нұрсұлтан Әбішұлын тікелей эфирде көргендердің саны 25 000-нан асып жығылады. Ал, бір уақытта көргендердің саны 2000-ға жуық болды. Бір ғана Ақорданың фейсбук парақшасындағы тікелей эфирдің астына пікір қалдырғандардың қарасы 900-ге жуықтады. Бұл дегеніміз көрген адамның жартысы өз ойын білдіруге асық болды. Сол пікірлерді жинақтап, оқырман қауым назарына ұсынуды жөн деп шештік.

Eljan Jan: Неге қазақша басым сөйлемейсіздер...бағанадан бері орысша айтып жатырсыздар.

Жібек Архабаева:  7 20-25 бағдарламасы бойынша үй алуға мүмкіндік беріп отырмыз дейді. Бұл бағдарлама тиімсіз. Шымкентте айлық аз. Қарапайым жұмысшылармыз. Қол жетімсіз баспана.

Нұржамал Қасенова: Бұл жерде әлеуметтік және экономикалық мәселе қозғалып отыр, бұл маңызды, ал сіздер тілмен дауласып отырсыздар.

Серік Бекжігіт: Байбек мырза, Төле би көшесінің төмен жағын айналып өте бермей, төмен жақты да бір қарап қойса, мүлдем қатып кетеді.

Nurlubek Serikkaliev: Атырау каласындагы Гани Муратбаев атындагы орта мектепті салып берсе жақсы болар еді, балалар 3 сменамен окиды.

Нышанбай Досанбаев: 60-тан асқандардың бәрін құрту керек. 35 жас пен 55 жас аралығындағы іскер адамдарды қою керек. Б. Сапарбаев сияқты кісілерді министр қылу керек.

Кенжехан Үмбетов: Құрметті Елбасы, сіздің қол астыңыздағылардың бəрі дұрыс жұмыс істемейді. Оған дəлел қазіргі елдің жағдайы. Елімізде барлық нəрсе бар, бірақ халықта жоқ. Егер де шын халыққа қызмет істеймін десеңіз, барлық кадрларды ауыстыру керек.

Meirambek Sakhmanov: Студенттерге жұмысқа кіру үшін жұмыс тәжірибесін сұрайды, жаңадан вузды бітірген студентте қайдан тәжіребе болсын!

Мадина Мұқашева: Біз жастар Елбасының сенімін ақтауға дайынбыз!

Күлән Исемберлиева: Атырауда жұмыссыздық әлі көп. Мұнайлы өлкеде тұрамыз, бірақ сол мұнайға кіре алмаймыз. Балам мұнай инситутын бітірген. Бірақ жұмысқа кіре алмаймыз. Эмбамұнайға барсаң, маңына жолатпайды. Қымбатты, Елбасы, осы жағын бір сүзіп өтсеңіз.

Нұрғали Жолдасқалиев: Түсінген адамға біраз дұрыс дүниелер айтылды.

Олжас Молдақұлов: 7 млн үй жоқ қой

Aidyn Al Kulani: Көзбе-көз Елбасыны алдап тұр, қандай 7 миллионға үй бар?

Бауыржан Кемелбеков: Полиция, Сот, Прокуратураға реформа жасау керек! Бірақ ол қашан?

Киікбай Жақыпұлы: Әліппені қайтарыңыз, Ерлан мырза!

Assylgul Abish: Бақыт Сұлтанов та Исекешев сияқты жақсы әкім болатынына сенеміз!

Алма Түсіпбекова: Ауылдардың жағдайы төмен. Осыған басты көңіл бөлу керек.

Бақыт Жаншаева: Қазақша сөйлейтін жалғыз Жақып екен ғой. Сұмдық қой!

Ербол Жұмабаев:  Ана жерде біреу ұйықтап жатыр.

Ермек Асқарұлы: Ұстаздар мерекесінде ұстаздарға жақсы сыйлық жасап жатыр, тек іске асса.

Aigansha Tleujanova: Өте орынды айтылып жатыр. Орындауға бақылау керек.

Тоқтар Керімбек: Жақып Асанов! Құрметтеймін!

Gulzhahan Sharbekova: Мұғалім мәртебесін өсіру өте орынды мәселе

Арай Ақылбекова: Маған бұл жолғы жолдауда ең бірінші еңбекақыны өсіретіні ұнады. Халық үшін ең бастысы сол ғой.

Бақкелді Далабай: Құрметті достар! Біз тәуелсіздік алғалы 27 жыл ғана өтті. Тәуелсіздік алғанда еліміздің жағдайы қандай болды, қазір қандай жағдайға жеттік. Елбасымыздың ерен еңбегінің арқасында қазір еліміз тыныш, бейбіт өмірде өмір сүріп жатырмыз. Кез-келген адамға барлық мүмкіндіктер ашылған. Әрбір адам әлі де кемшіліктер болса, сол кемшіліктерді жоюға атсалысып, бір үйдің баласындай еліміздің дамуы үшін Елбасымен бірге қызмет етуіміз керек. Білім алайық, жұмыс жасайық, Жолдауда қандай жаңа мүмкіндіктер айтылып жатыр. Елбасымыз аман болсын!

Эльмира Мәди: Депутаттарды да қысқартуға жіберіңізші

Alibek Sambetov: Тура біздің мектептің оқушылары сияқты

Anar Salihova: Зейнеткерлік жасты қайта қарау керек

Baikadam Sary: Болмағанда субтитр жасауға болмас па? Жолмен жүргізсе қазақшасын! Теxнологияның мүмкіндігі жетеді ғой. Ауылдағы қазақша тыңдайтындарды алдын ала ойласа...

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір