• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:30:29
Алматы
+35°

13 Тамыз, 2018 NEWS

80 адам 1000 теңгеден жіберсе бүлдіршіннің өмірін сақтап қала аламыз

Көп түкірсе көл болады... Әнел есімді 4 жастағы бүлдіршіннің еміне мен Гаухар Жұмабаева есімді анасымен көпшіліктен көмек сұраймыз

Бүгінде ауыр дертке шалдығып, туылғанынан тағдыр тәлкегіне түскен сәбилер аз емес. Әсіресе, елімізде ДЦП диагнозымен дүниеге келетін сәбилердің саны жыл санап артуда. Баласының дерті жанына батып, еліміздегі оңалту орталықтарының табалдырығын тоздырып жүрген ата-аналары мен балалары күндердің күнінде бір жақсылықтың болатынына үлкен сеніммен қарайды. Олардың бірінші сүйенері – халық.

Көп түкірсе көл болады... Әнел есімді 4 жастағы бүлдіршіннің еміне Qamshy.kz ақпарат агенттігі мен Гаухар Жұмабаева есімді анасымен көпшіліктен көмек сұраймыз.

Анель

Әнелдің анасы Гаухар ДЦП дертімен туылған қызының еміне небәрі бір жеті қалғанын айтып, дабыл қағуда. Тамыздың 20-на дейін 80 000 теңгені жинауға жұдырықтай жұмылып, кішкентай бүлдіршіннің сауығып кетуіне титтей де болса көмектеріңізді аямай, шетте қалмауға шақырамыз.

Анель

«Әнел 7 айлық болып дүниеге келген. Бүгінде жасы 4-те, әлі күнге дейін жүре алмайды. Жақында ғана төрт аяқтап еңбектей бастады, бұрындары мүлде еңбектей де алмайтын еді, ақырындап тізерлеп тұруды үйреніп келеді. Барлық қажетті ем-домына уақытылы апарып, керек нәрсенің барлығын үзбей жасап тұрғаннан осындай нәтижелер пайда болды.

Анель

Челябинск қаласында «Сакура» атты оңалту орталығына апарып емдеттім. Ол жерде қазақ балалары өте көп. Ол жердің ем-домы жақсы, көптеген ДЦП-мен ауыратын балаларға жақсы нәтиже беруде, бірақ ол жердің бағасы тым қымбат. Көп ата-ананың қалтасы көтере бермейді. Ол жердің бағасы Қытайдағы емнің бағасымен бірдей. Ал Қытайда медицина жақсы дамыған, ол бәрімізге белгілі. Сонымен қатар, Қытайда басқа елдерде жоқ түрлі аппараттар бар, ол аппараттар балалардың емделіп кетуіне үлкен септігін тигізеді: мидың жұмысын жақсартады, жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді. Отандық медицина нашар деп айтпаймын, дегенмен Қытайда медицина саласы едәуір дамып кеткенін әрі сапалы екенін мойындаймын. Әсіресе ДЦП дерті негізінен сол елде емделеді. Сондықтан да Әнелімді Қытайға апарып емдеткім келеді», - дейді Гаухар Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында.

Анель

Оның айтуынша, Қытайға емделуге барған бүлдіршіндердің көпшілігі едәуір оңалып, жақсы нәтижемен қайтады екен. Алайда дерті асқынып кеткен балаларға ол жақтың емі де еш көмектесе алмайды.

Анель

«Ресейдегі оңалту орталығында емделіп көрдік, Алматы мен Астана қалаларындағы орталықтарға да бардық, алайда нәтижесі айтарлықтай жақсы болмады. Бір қуантарлығы – қызым еңбектей бастады. Қытайға барые, сол жақтағы дәрігерлерге емдетуді баяғыдан ойлап жүрмін, бірақ мүмкіндігім болмай жатыр. Сол мақсатта да Инстаграм желісінде парақша ашып, халықтан көмек сұрадым. 20-на дейін бір жетідей уақыт қалды, Қытайдағы дәрігерлермен келісіп, жазылып қойған едім. Ендігі кезекте 260 000 теңге қаражат жинау керек болып тұр», - дейді Әнелдің анасы.

Анель

Жалғызбасты ана өз сөзінде екі жарым жыл бұрын күйеуі оларды тастап кеткенін айтты.

«Осыдан үш жыл бұрын жоспарлап жүрдім қызымды Қытайға апарып емдетуге. Ол кезде некеде едім. Бұрынғы күйеуіме айтсам, ол «Көлік алуымыз керек, анау-мынау» деп түрлі сылтаулар айтты. Кейіннен «Бір жылдан кейін көлік аламын» қоймады. Бір жылдан кейін баланың сүйегі қатая бастайды, Қытайға апарып емдетейік дедім. Кейін бір жылдан соң Қытайға жіберем деген уақытында, ол керісінше бізді тастап, ажырасып кетті. Екі жарым жылдан бері қызымды өзім тәрбиелеп, өсіріп келемін. Бүгінде Қостанай облысында мұражайда жұмыс істеймін, айлығым бар-жоғы 60 мың теңге. Пәтерді жалдап тұрамыз, өзіміздің үйіміз де жоқ. Мемлекеттен берілетін жәрдемақы мен менің айлығымды қосқанда 120 мың теңге – пәтерімізге де, күн көрісіміз де, қызымның дәрі-дәрмегі – бәрі де соның ішінде», - деп қынжылады Әнелдің анасы.

Анель

Өзінің инстаграм парақшасында жариялаған соңғы постында Гаухар: «Осы парақшадағы 2742 жазылушының әрбірі 241 теңгесін қиятын болса қажетті қаражат жиналып-ақ тұр екен. 241 теңге деген сіздер үшін тиын ғана, ал менің қызым үшін оның өмірі. Уақыт таяған сайын ішімде бір паника басталды. 20-на дейін қажетті қаражатты жинай алмасам не болады? Қызымның өмірі қалай болады?» - деп жазады.

Иә, жұмыла көтерген жүк жеңіл. Аяққа тұрып сауығып кетуі үшін кішкентай бүлдіршінге сіз бен біздің көмегімізге мұқтаж. Әнел бүлдіршіннің еміне көмек қолын созамын деушілер төмендегі жолдармен ақша аудара алады:

Әнелдің анасы Гаухар Жұмабаева ЖСН: 900 302 450 944

Телефон нөмірі: 8 705 576 6386

Kaspi Gold картасы: 5169 4931 2898 2371

Халық банк картасы: 5354 5100  2585 7763

QIWI: 8705 576 6386

Бір аптадай ғана уақыт қалды, достар, көмек қолымызды созайық! Аянып қалмаңыздар!

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір