• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:32:34
Алматы
+35°

19 Мамыр, 2017 Әлеумет

8 жастағы қыз консервіленген балықтың кесірінен мүгедек болып қалған

Англиядағы Кингстон-апон-Халл қаласының тұрғыны Линдси Грант 8 жастағы қызының консервідегі тунецтің кесірінен мүгедек болып қалғанын айтады. Үш балалы ананың...

Англиядағы Кингстон-апон-Халл қаласының тұрғыны Линдси Грант 8 жастағы қызының консервідегі тунецтің кесірінен мүгедек болып қалғанын айтады. Үш балалы ананың пікірінше, консервідегі тунецті жегеннен кейін қыз уланып, құса бастаған, кейіннен жүруді, тіпті сөйлеуді қойды. «Бұлай болуы мүмкін емес» деген дәрігерлер болған жағдайға ешқандай түсінік бере алмай отыр, деп жазады жергілікті БАҚ.

3 жыл бұрын Лекси орта қүлағының қабынуынан емделіп шыққан.

Бірде таң ата қыздың денесі әлсізденіп қозғала алмай, тіпті сөйлей алмай қалады. Лексиді дереу ауруханаға жеткізеді, 2 апта бойы дәрігерлер оның жағдайымен күресті. Ақыры, ештеңе шықпаған соң қолдарын бір сілтеген.

«Болған жағдайдың себебін анықтауға тырыспаған дейді», - қыздың анасы Линдси Грант. Оның айтуынша, Лекси күнделікті таңертең консервіленген балық етін жеп жүрген, соның кесірінен осындай жағдайға тап болды. Балықтың құрамында улы нәрсе болған, алайда дәрігерлер қыздың анасына сенбеген, себебі осы уақытқа дейін бір балықтың кесірінен ешкім мүгедек болып қалмаған.

Анасы Лексидің жарқын жүзді бүлдіршін болғанын айтады. Ән айтқанды, билегенді жақсы көрген. Ана жүрегі қыздың емделіп, өз қалпына түсетініне сенімді, алайда ол үшін дәрігерлердің көмегі ауадай қажет. Сол үшін Линдси аурудың салдары тунец болғанын да дәлелдегісі келеді. 

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір