• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 05:43:11
Алматы
+35°

Ақтауда 36 шағын ауданда орналасқан көтерме-тарату орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Жұмыстың 90% орындалған. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жұмыстардың барысын бағалау үшін құрылыс алаңына барды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақтауда екі жыл бұрын көтерме-тарату орталығының құрылысы басталған болатын. Орталықта жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілеріне сауда орындары беріледі. Бұл өз кезегінде өнімді делдалсыз сатуға мүмкіндік жасап, сол арқылы тұтынушылар үшін бағаны тұрақтандыруға оң әсер етеді.

Бсб

Көтерме-тарату орталығының құрылысымен айналысатын "Ақтау ОРЦ" ЖШС директоры Бекзат Жеткізгеновтың айтуынша, жобаның құны шамамен 3,8 миллиард теңгені құрады.

"Қазіргі таңда жұмыстың 90% орындалды. Жобаның жалпы ауданы шамамен 40 мың шаршы метрді құрайды. Құрылыстың негізгі кезеңдері аяқталды, соның ішінде, ғимараттың қабаттары салынып, инженерлік коммуникациялар тартылды. Абаттандыру жұмысының аясында асфальт төселіп, нысанның айналасы көгалдандырылады. Жобаны екі кезеңмен іске асырылады: жаз басталғанда, суық камералары мен тоңазытқыш қоймасы, сондай-ақ құрғақ өнімдер қоймасын ашу жоспарланған. Екінші кезеңі қыркүйек айында жүзеге асады, яғни, азық-түлік тауарларын жеткізетін көтерме-тарату орталығы ашылады деген жоспар бар", - деп атап өтті Бекзат Жеткізгенов.

Лада

Нысан пайдалануға берілгеннен кейін павильондарда фермерлер өз өнімдерін делдалсыз сата алады. Оларға көкөніс пен жеміс-жидек сақтайтын қоймалар, сондай-ақ, тоңазытқыш пен мұздатқыш сақтайтын камералар беріледі.

Бұл орталықта ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын адамдар делдалсыз жұмыс істейді, сондықтан, халық азық-түлік тауарларын барынша арзан бағада сатып ала алады.

"Нысан сапалы салынуы үшін құрылыс нюанстарын ескере отырып, құрылысқа барынша күш салу қажет. Мұқият бақылау арқылы ғана құрылыс сапасы стандартқа сай болады дегенге кепілдік бар. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқанын есте сақтаған жөн. Азық-түліктің 80% астамы біздің өңірге сырттан келетінін ескерсек, көтерме-тарату орталығын құру бәсекелестік ортаны қалыптастыруға және тауарлардың бағасын төмендетуге ықпал етеді. Жобаны сәтті жүзеге асыру үшін оның құрылысын мерзімінде аяқтау керек", - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір