• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 23:33:18
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2024 NEWS

"Мамбеттер тілі": Тикток желісінде қазақ тілін қорлаған келіншек 2 жылға сотталды

Алматы қаласының тұрғыны Элина Лю қазақ халқы мен тілі туралы айтқан бейәдеп сөздері үшін 2 жылға сотталды. Сот оны араздық тудырғаны үшін кінәлі деп тапты. 

Фото: ашық дереккөзден

Журналист Михаил Козачков телеграм-арнасындағы ақпаратына сүйенсек, Людің эфирдегі сөзі интернетте таралып, әлеуметтік желіні бақылайтын жедел уәкіл ондағы алауыздық белгілерін көріп, есеп жазған.

Оның  мәлімдеуінше, Элина Лю атты 21 жастағы келіншек TikTok желісінде тікелей эфирға кіріп, он мыңға жуық көрермен жинаған. Сол кезде желі қолданушыларының бірі оның ұлтын сұрап, мемлекеттік тілде сөйлеуін талап еткен. 

Ал оған тиктокер қазақ тілін жеккөретінін, және қазақ тілі мамбеттер тілі екенін, мамбеттердің кесірінен Абай көшесінде кептеліс болатынын айтқан. 

"Мен қазақ тілін ұнатпаймын. Шынымды айтсам, бұл мәмбеттер тілі" дей отырып, Лю қазақ тілін ұнатпайтынын айтып, бұл тілде тек ауылдан келген «мамбеттер» сөйлейтінін айтқан (Ескерту! Сот «мамбет» сөзін қазақ ұлтын және тілін кемсіту деп бағалаған). 

«Сот Людің кінәсінің дәлелденгені туралы қорытындыға келіп, ол өзінің іс-әрекетімен ұлтаралық алауыздықты тудырғанымен, ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаумен, азаматтардың қазақ ұлты өкілдерінің намысына тиген. Людің сөздері Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық және саяси деструктивті көзқарас тудырады», – делінген сот үкімінде.

Элина Лю қылмыстық кодекстің 174-бабы "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бойынша сотталып, екі жыл ең төменгі қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір