• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 02:22:38
+35°

15 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Мектеп басшылығы 6,8 миллион теңге жымқырған

Шымкентте 6,8 миллион тенге жымқырған мектеп басшылығына қатысты соталды тергеп-тексеру басталды.

Көрнекі сурет

Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы тексеру барысында 6 843 837 теңге сомадағы бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады. 

Ақшалай қаражат 2022-2023 жылдар аралығында №73  орта мектептегі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ғимаратты жылытып ұстау үшін көмір жеткізуге бюджеттен бөлінген.

Одан бөлек, жұмыс атқармағанына қарамастан 2 қызметкерге ай сайын еңбекақы төленіп отырғаны белгілі болды.

Аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жемқорлық білім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір