• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 12:18:06
Алматы
+35°

27 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Тіл жанашыры компанияларды сотқа беріп, жеңіп шықты

Толқын Мұхтарханова қазақ тілінің құқығын шектеген “Miele” ЖШС және “Мечта” компанияларын азаматтық сотта жеңіп шыққан.

Фото: dalanews.kz

Тіл жанашыры Толқын Мұхтарханова қазақ тілінің құқығын шектеген “Miele” ЖШС және “Мечта” компанияларын азаматтық сотта жеңіп шыққан. Даулы оқиғаның қалай болғанын Air Astana компаниясының бұрынғы қызметкері Dalanews.kz агенттігінің тілшісіне егжей-тегжейлі баяндап берді. Оның айтуына, тіл жанашыры қоғамдық өмірде қазақ тіліне қатысты көптеген кедергіге тап болғанын көре жүріп, тілге қатысты заңдармен толық танысып шыққан.

“Отбасымызбен жаңа қоныс алдық. Сол жерге өңдеу жұмыстарын жасауға бел байладық. Осылайша жазда алдын ала “Мечта” дүкеніне барып, “Miele” компаниясының кір жуғыш машинасы мен кептіретін құрылғысын сатып алдық. Пәтеріміздің өңдеу жұмысы аяқталған соң, күзде жаңа қонысымызға көшіп келдік. Заттарымызды “Miele” компаниясынан алдырттық. Содан көпбалалы болған соң, бірінші қажет нәрсе кір машина болды. Соны орнатып, қолдана бастадық. Алайда мен нұсқаулықтан қазақша мәтін таба алмадым. Алған заттарымызда қазақша нұсқаулығы мүлдем болмады. Содан мен “Miele” компаниясына хабарласып, олардан қазақша нұсқаулықты сұрадым. Олар жіберу үшін уақыт қажет екенін айтты. Содан мен өз талабымды сот арқылы шешетінімді жеткіздім”, – дейді Толқын Мұхтарханова.

Ал компания қазақша нұсқаулығын екі апта өткеннен кейін жіберген.

- “Miele” бір ай немесе екі апта бұрын ашылған компания емес. Қазақстанда 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Егер оларда қазақша нұсқаулық болса, сол мезетте электронды поштама жолдайтын еді. Бірақ олар екі апта өткеннен кейін іске кірісіп, электронды нұсқасын поштама жіберді. Нәтижесінде “Мiele мен “Мечта” компанияларын “тұтынушы құқығым бұзылды деп” азаматтық сотқа бердім. Біріншіден, тұтынушы ретінде сұраған нұсқаулық пен “Miele”  компаниясында қазақша ақпараттың жоқ екенін айттым. Сонымен қатар “Mielе” компаниясының сайтында қазақ тілін таңдайтын батырманың жоқ екенін де атап өттім. Сот процесінде олар “kz” деген қазақша батырманы енгізді.Алайда батырманы қосқанымен, қазақша ақпарат болмады. Осы негізде тұтынушы ретінде құқығымның бұзылғанын қостым”, – дейді тіл жанашыры.

Нәтижесінде ол “Miele” компаниясын сотта жеңіп шығады. Ал тұтынушы құқығын шектеген компания оған арнайы өтемақы төлеген.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қазақ тілі Мечта

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір