• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 07:31:19
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Мектеп оқушылары, тіпті қыздар да насыбай атады - депутат

Мәжіліс депутаты Амантай Жарқынбек Қазақстанда насыбай сатуды мүлдем тоқтатуды ұсынды. Ол өз ұсынысын премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мен ішкі істер министрі Ержан Сәденовке жолдаған депутаттық сауалында айтты.

Көрнекі сурет

    Депутаттың айтуынша, бүгінде кез келген адам, оның ішінде мектеп оқушылары насыбайды еркін сатып ала алады.

   "Өкінішке қарай, бұрын оны тек ересек ұрпақ қолданса, қазір жастар, тіпті қыздар да оған тәуелді. Олардың саны жыл сайын артып келеді. Оның үстіне бұл жағымсыз әдет тіпті спортшылар арасында да қалыпты жағдайға айналғанын қалай түсінуге болады?", – деді депутат Амантай Жарқынбек.

   Сонымен қатар мәжілісмен бұл өнімнің құрамы күмәнді екенін айтып, оны пайдалану денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіретінін ескертті.  

   - Швед ғалымдары зерттеу жүргізіп, насыбайдың құрамында хром, никель, кадмий, қорғасын, мышьяк сияқты химиялық заттар бар екенін анықтады. Дәрігерлер насыбайдың тәуелділік туғызып қана қоймай, түрлі ауруларды тудыратынын атап өтті. Насыбайды тұтыну адам ағзасын қатерлі ісікке, бедеулікке әкелетіні ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мамандарының айтуынша, насыбай тарту ауыз қуысының қатерлі ісігінің дамуына әкеліп соғады. Олар кейінгі кездері насыбайды тұтынудың салдарынан жастардың қатерлі ісік ауруыyна шалдығатынын атап өтті, – деді депутат.

   Амантай Жарқынбек "елді улап жатқан бұл індетті ауыздықтап, оның таралуын түбегейлі тоқтату қажет" деп есептейді.

   - Елімізде заңмен шектеу қойылғанымен, оны жүзеге асыруда әлсіздік танытып отырмыз. Сондықтан ұлт денсаулығына нұқсан келтіретін, ұрпағымызды улап жатқан қазақ халқына жат әдеттен арылуымыз керек. Арнайы органдар өскелең ұрпақты улап жатқан сауда нүктелеріне қатысты шешім қабылдап, кешенді шаралар қабылдауы керек", – деді Амантай Жарқынбек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір