• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 16:16:15
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2024 Әлеумет

Қазақстанда YouTube Premium пайда болды

Қазақстандықтар енді YouTube Premium жазылымына қол жеткізе алады.

Фото: Ашық дереккөзден

   YouTube-тің premium-аккаунтына қол жеткізгендер бейнелерді жарнамасыз және фондық режимде көре алады, интернетке қосылмай көру үшін бейнелерді сақтай алады және басқа да бірқатар мүмкіндіктерге ие болады. 

    Қазақстандықтарға YouTube Premium жазылымының бірнеше нұсқасы ұсынылды: жеке, отбасылық және студенттерге арналған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бірқатар елдерде жеке жазылымның бағасы айына $11,99 (шамамен 5400 теңге) құрайды. Бұл жаңалық туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин де хабарлады.

    Ол өткен жылдың наурыз айында Кремний алқабына жұмыс сапары барысында мен Youtube өнімдерін басқару жөніндегі вице-президент Адам Смитпен кездесіп, сервистің Қазақстанда іске қосылуын талқылағанын айтады.

- Ал бүгін мен сіздермен керемет жаңалықпен бөліскім келеді. Қолданушылар мен  контент жасайтындарға жаңа мүмкіндіктер ашатын YouTube Premium енді Қазақстанда. Бұл оқиға елдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту мен оны жаһандық желіге біріктіруде жасаған елеулі қадам.

Басқа қызметтермен қатар YouTube Premium-ді қолдану бейне мен музыкалық мазмұнға жарнамасыз шексіз қол жетімділікті, бейне материалдарды офлайн режимде көру үшін оны жүктеу мүмкіндігін және басқа қосымшаларды қатар қолдану кезінде оны фондық режимде де тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, – дейді министр.

    Бағдат Мусин сондай-ақ қазір цифрлық экономиканы дамыту мен Қазақстандағы жергілікті контент-жасаушыларды қолдау мүмкіндіктері күн тәртібінде екенін атап өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір