• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Мамыр, 21:01:53
+35°

11 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Қазақстанда биыл электр тапшылығы сезіле бастайды

"KEGOC" АҚ Басқармасының төрағасы Нәби Айтжанов Энергетика министрлігінде өткен алқалы жиынның қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда электр энергиясы тапшылығының болжамды көлемін атады

Фото: Ашық дереккөзден

   Нәби Айтжанов Қазақстанның 2023 жылғы электр энергиясын тұтынысы 115,06 млрд кВт/сағатты құрағанын және 2022 жылмен салыстырғанда ол 1,9%-ға артқанын жеткізді. 

   "Электр энергиясын өндіру 2022 жылғы деңгейде қалып, 112,82 млрд кВт/сағатты құрады. Өткен жылы ең көп тұтыныс 13 желтоқсанда тіркеліп, 16 626 МВт-ты құрады, бұл 2022 жылғы ең жоғары деңгейден 167 МВт-қа жоғары. Бұл ретте электр генерациясы 15 107 МВт құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 96 МВт-қа төмен. Осылайша, 2023 жылы жүктеме артқанда Қазақстанның электр станцияларының генерациясында төмендеу байқалды. Тұтыныс пен генерацияның осы көрсеткіштерін есепке алғанда, электр қуатының тапшылығы 1519 МВт құрады, оның орны Ресей Федерациясынан жоспардан тыс тасымалдау арқылы жабылды", – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір