• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 17:24:11
+35°

11 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

ШҚО-да тағы да жолдар жабылды

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты екі жол жабылды.

Фото: Ашық дереккөзден

    Облыстағы екі тасжолды қар көшкіні жауып қалу қаупі туындап отыр.

«Бүгін сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар „Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары“ тасжолының 6-166 шақырымында (Ушанов кенті мен Алтай қаласына дейінгі аралықта) және „Өскемен-Тарғын-Самар“ тасжолының 88-145 шақырымында (Жоғары Тайынты мен Самар ауылының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды» деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

    Осы ретте құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір