• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 01:35:15
Алматы
+35°

07 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Қызды азаптап өлтірген күдікті 22 жылға сотталды

Маңғыстаулық 21 жастағы Валерия Шальнованы азаптап өлтіріп, денесін каналға тастап кеткен күдіктіге Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды.

Көрнекі сурет

Сегіз айға созылған тергеуден соң Ақтау тұрғыны 22 жылға бас бостандығынан айрылды. Енді ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Алайда кінәлі өз айыбын мойындамай, марқұм суицид жасады деп отыр.Қылмыстық іс бойынша марқұм Валерияның анасы Светлана Шальнованың өліміне қатысты әділ үкім шығарылғанын айтты. Ол істі тергеуге атсалысқан барша жанға алғысын білдірді. 

– Сот оған қылмысы бойынша лайықты жаза кесті. Енді ол қатаң режимдегі колонияда 22 жыл жазасын өтейді. Осы жағдай біздің қайғымызға аз болса демеу болды, – деді марқұмның анасы.

22 жылға сотталған айыпталушы ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлімінің 3, 10-тармақшалары және 120-баптың 1 бөлімі бойынша жауапқа тартылды. Бұдан бөлек, қылмыстық істі тергеу кезінде кедергі келтіруге тырысқан құқық қорғау қызметкерлері тергелетін болады. 

Валерия Шальнованың мәйіті былтыр шілде айының басында Ақтау іргесіндегі каналдан табылған болатын. Іздестіру кезінде оқиғаға кінәлі күдікті бір күннен кейін табылып, ол қыздың бұрынғы жігіті екені анықталған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қылмыскер жаза құқық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір