• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:30:48
Алматы
+35°

29 Ақпан, 2024 Әлеумет

Кібісе жылы дегеніміз не, ол нені білдіреді?  

Биылғы Ұлу жылы "Кібісе" жылына жатқызылады. Өйткені бұл жыл, әдеттегідей 365 емес, 366 күннен тұрады. Жалпы, 4 жылда бір күн ақпан айына қосылып отырады. Неге?..

Ашық дереккөзден алынды

Мамандар Кібісе жылының күнтізбе есебіне тікелей қатысы барын айтады. Мәселен, Григорян күнтізбесінде бір жыл 365 күннен тұрады. Бірақ ғалымдар іс жүзінде Жер Күнді дәл 365 күнде айналып өтпейтінін, әр жылда күн қайырудан 6 сағаттан артылып отыратынын айтады. Ал артық қалған осы сағаттар төрт жылда бір тәулік болып күнтізбеге қосылады.

"1072 жылы билікке келген Мәлік шах қолға алған алғашқы маңызды істерінің бірі - күнтізбені есептеп қайта шығару. Осы мақсатта ол обсерватория соқтырады. Оған Омар Хайям, Әл Баси сияқты бүкіл шығысқа танымал ғалымдарды жинап, нәтижесінде күн қозғалысына негізделген күнтізбе жасалып, кібісе жылы да есептеліп шығарылады", дейді этнограф-ғалым Тәттігүл Қартаева. 

Сондай-ақ Алматыдағы планетарий мекемесі мынандай қызықты деректі ортаға ұсынады:

"Аспанда 13 шоқжұлдыз бар, яғни бір жылда 13 ай болуы керек. Алайда Еуропа халықтары 13-ті қырсықтық саны деп танып, одан қашатын болған. Сол себепті астрономиялық эклиптикадағы "Жыланбөктерген" шоқжұлдызы ескерілмейді. Қазіргі күнтізбедегі тәуліктердің біркелкі болмауының (кейбір ай 30-на, кейбір ай 31-іне аяқталып жатады) сыры осында".

Жалпы ереже бойынша, кібісе жылдар 4-ке еселік жылдар:

1980, 1984, 1988, 1992, 1996, 2000, 2004, 2008, 2012, 2016, 2020, 2024, 2028, 2032, 2036, 2040, 2044, т.б.

Кібісе сөзі тәулік саны жылдағыдан бір күнге артық дегенді білдіреді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Кібісе жылы 29 ақпан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір