• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 09:17:56
Алматы
+35°

фото: Forbes

    Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің Спортты дамыту дирекциясы биыл Парижде өтетін жазғы Олимпиадаға арналған Қазақстан ұлттық құрамасының киім формасы мен оған қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге арналған ашық конкурс жарияланғанын хабарлады.

    Киімдер салтанатты рәсімге және жаттығуға арналған жұптан тұрады. Конкурс кезінде келіп түскен жұмыстарды арнайы комиссия құрамы қарап, ортақ шешім қабылдайды. Жұмыс тобының қатарына Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті, Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, даңқты спортшыларымыз бен БАҚ қызметкерлері кіреді. Бұл қатарда Елдос Сметов, Серік Сәпиев, Азамат Дәулетбеков, Жәмилә Бақбергенова, Ольга Рыпакова, Әбиба Абужақынова, Анна Алябьева, Нұрбек Оралбай, Нұрсұлтан Тұрсыновты атап өтуге болады. Комиссия төрағасы – Спортты дамыту дирекциясының директоры Ерлан Естек, – делінген хабарламада.

   Конкурс екі кезеңге созылады. Ереже шарттарына сәйкес, әрбір кезеңнің жеңімпазы комиссия отырысында анықталады.

    Бірінші кезеңде, яғни 28 ақпандағы сағат 20:00-ден бастап 10 наурыздағы сағат 18:30-ға дейін комиссия конкурсқа қатысушылардың өтініштерін, материалдарын қабылдап, қарайды.  

    Екінші кезеңде конкурс жеңімпаздары анықталып, жарияланады. Екінші кезең 13-15 наурыз аралығында болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір