• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 02:32:38
Алматы
+35°

29 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

ҚМДБ уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті тұғырнамасын қабылдады

Бұл тұғырнамада елімізде уағыз айтып, жамағатқа адал мен арамды түсіндіріп жүрген имамдар сүйенуі тиіс ереже-қағидалар қамтылған.

Фото: ҚМДБ баспасөз қызметі

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен І республикалық уағызшылар форумында "Уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті" тұғырнамасы қабылданды, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі. 

Құжаттың мәтінін ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырды.

Тұғырнамада халық арасында уағыз айтып, жамағатқа адал мен арамды түсіндіріп жүретін имамдарға қажетті ереже-қағидалар қамтылған.

"Бұл құжаттың мақсаты – ҚМДБ-ға қарасты мешіттерде уағыз-насихат жұмыстарының бірізділігін қамтамасыз ету, дін қызметкерлеріне дініміздің құндылықтарын дұрыс бағытта дәріптеу үшін бағыт-бағдар беру, уағыз-насихат айтудың методикасына назар аудару және діни уағыз-насихаттың моделін қалыптастыру" деп атап өтті Батыржан Берденұлы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Уағыз имам ҚМДБ әдеп

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір