• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 05:46:18
Алматы
+35°

27 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Бергей Рысқалиев пен Аслан Мусиннің Лондонда түскен суреті желіде тарады

Қазақстанның экс-саясаткерлері Бергей Рысқалиев пен Аслан Мусиннің Лондонда бірге түскен суреті әлеуметтік желіде тарады. 

әлеуметтік желіден алынды

Суреті қоғам белсендісі Тұрарбек Құсайынов желідегі парақшасында жариялады, деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

Суретте Бергей Рысқалиев пен Аслан Мусин Лондондағы атақты дүкеннің алдында тұрғаны көрініп тұр.

Айта кетсек, Атырау облысы және Атырау қаласының әкімі қызметін атқарған Бергей Рысқалиевке 2013 жылдың 5 ақпанында іздеу жарияланды. Оған ҚР Қылмыстық кодекстің 176-бабы бойынша көзделген қылмысты жасады және ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрды деген айып тағылды. 2019 жылдың 25 қаңтарында сырттай сот отырысы өтіп, ол 17 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Ол саяси себептермен Ұлыбританияда босқын мәртебесін алған. Себебі елдің Жоғарғы соты қылмыстық қудалаудың саяси астары бар деп шешкен.

Ал ықпалды саясаткер саналып келген Аслан Мусин кезінде ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарған. Есеп комитетін де басқарған. 2017 жылы 24 желтоқсанда Латвия астанасы Ригада Аслан Мусиннің ұлы Асылбектің көз жұмғаны белгілі болды. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір