• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Мамыр, 02:58:27
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

"Орыс тілінің үстемдік етуін қазақ әліпбиінен бастады"

"Бұл Кеңес өкіметінің жүргізген орыстандыру саясатының жемісі" дейді тіл жанашыры Еркін Омар.

ашық дереккөзден алынды

     Тіл жанашыры Еркін Омардың "Тіларалық шала қазақ тілі туралы жалпы түсінік" материалының жалғасы. 

   Оның себебі Кеңес өкіметі кезінде орыстандыру саясаты ашық түрде өктемдікпен жүргізілді. Орыс халқы – ұлы халық, орыс тілі – ұлы тіл деп түсіндіріліп отырды. Орыс тілінде жоқ жат тілдік сөздер, орыс тіліне, орыс тілінің дыбыс үндестігіне сай бағындырылып енгізілсе (орыс тілін бұзбау үшін), қазақ тіліне енген орысша сөздерге, тіл ережесінің мұндай заңдарын қолдануға рұхсат етілмеді. Сондықтан қазақ тіліне енген орысша сөздердің аяғына (соңына), қазақша жалғауларды жалғап енгізу үрдісі қалыптасты. Біз қаламасақ та солай істетілді. Мектептерде ай аттарының өзін, Ноябрьдің (2-сі), Декабрьдің (20-сы) деп орысша атауларымен, соңына қазақша жалғауларды жалғап жазуымызға тура келді. Қазақ тіліне енген жат тілдік сөздер мен олардың соңындағы қазақша жалғауларының өз ара дыбыс үндестіктерін сәйкестендіру үшін, тіл ережелерінің қазақ тіліне зиянды кейбір тұстары осы кезде еріксіз жазылды. Қазақ балаларының тілдеріне, өздерінің ұлттық тілдерінің дыбыстық үндестіктерін, он екі жасқа дейін толық қалыптастыруларына мүмкіндік бермей, орыс тілін мемлекеттік тіл ретінде, бастауыш кластардан бастап оқытты. Басқа халықаралық тілдерді (неміс, ағылшын, прансұз) орыс тілінің дыбыс үндестігіне араластырып алмау үшін (орыс тілінің тазалығын сақтау үшін), 5-кыластан (12-жастан) енгізді. Қазақ тілінің   әліппесінің   өзіне, орыс тілінің дыбыстық таңбаларын араластыра енгізіп, қазақ балаларына орыс тілінің әріптерін, орыс тілінің дыбыс үндестігіне сай айта білуді, қазақша әліппенің өзінен бастады. Жоғарғы оқу орындарында сабақтар негізінен орыс тілінде өткізілді. Қазақстанның кейбір аймақтары мен қалалық жерлерінде қазақша балабақшалардың, мектептердің болмауынан, қазақ балалары балабақшаларда орысша тәрбиеленіп, мектептерде орысша оқыды. Міне, осындай себептердің әсерінен, олар тілдеріне тіл аралық бұзылған тілді қалыптастырмай, бірден орыс тіліне өтіп отырды. Бұл Кеңес өкіметінің жүргізген орыстандыру саясатының жемісі. Еліміздегі қазіргі жағдайды сараласақ, қазақ жастарының орыс тіліне қарай өз еріктерімен өте бастауы, ата-аналардың балаларын қазақ мектептеріне беруден бас тартып, орысша оқытуға көше бастағаны, мұндай жағдайлардың ары қарай үдеп бара жатқаны, шала қазақ тілінің қазақ тілін бұзып, түсініксіз шала тілге айналдырып жібергенінен болып отырған жағдай. Қазақ тілі іс-қағаздарын жүргізуге жарамай қалған. Іс-қағаздарын жүргізбек түгіл, өз ара сөйлесетін қатынас құралы болудан қала бастаған. Шала қазақ тілінің қазақстанның барлық аймағына тарап, тез жайылып кетуінің себебі неде? Мұның себебі шала қазақ тіліне ең басында ғылымдық тұрғыдан назар аударылмағандықтан, шала тілдік сөздердің жекелеген сөздер емес, жалпақ тіл деген атауы бар, бірнеше ұлттың (өзбек, қазақ, қарақалпақ, орыс, түрікмен) тілдерінің сөздері араласып кеткен, үлкен шала тіл екені ешкімнің ойына келмеген. Осының салдарынан тілді бұзудың әр түрлі жолдары орын алған. «Қазақ тілінің қадірін кетірмейік!» атты мақалалар жинағында: «Шала қазақтар тілді ауыз екі (өзбекше: Оғзаки) және әдеби (өзбекше: Адабий) тіл деп екіге бөледі. Бірақ бір ұлтта бір ғана тіл болады. Оның өзіне тән бір ғана дыбыс үндестігі және соған байланысты сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуы бар. Дұрыс сөйлеу де, дұрыс жазу да, сол тілдің дыбыс үндестігіне бағынады», деп жазғанбыз. Өзбек тілінің оқулық кітаптарында мынандай ереже бар. «Адабий тил икки шаклда – оԑɡаки ва ёзма турда ифодаланади». Ары қарай осы ереженің мағынасы түсінікті болу үшін қазақ тіліне аударып жазсақ:

«Мысалы оқытушының сабақты ауызша айтып түсіндіруі, оқушының мұғалімнің қойған сұрақтарына ауызша жауап беруі, бұл тілдегі сөздердің ауызбен (ауызша) айтылуы, ал сөздердің кітаптарға, гәзет-жұрналдарға басылуы (қағаз бетіне түсірілуі) жазылуы,-дейді. Яғни, өзбек тілі де екіге бөлінбейді. Тек тілдік сөздердің жеткізілуінің екі түрлі 
жолы (көрінісі) бар екені ғана айтылады. Олай болса, шала қазақтар, ауыз екі және әдеби тіл деген сөзді қайдан шығарып алған? Оның себебі, шала қазақтар өздерінің шала тілдерін ауыз екі және әдеби тіл деп екіге бөледі. Солай айтып жүргендері болмаса, шала тілдің ешқандай тілдік ережесі жоқ. Осыны қазақ тіліне өздерінің шала тілдік сөздерін енгізе отырып таратқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір